№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Басылым өмір жолыма бетбұрыс әкелді

Басылым өмір жолыма бетбұрыс әкелді


Мамандық таңдауда қателеспеген ләзім. Өткен ғасырдың 80 жылдарының ортасында менің ең алғашқы тырнақалды туындым сол кездегі «Коммунизм жолы», бүгінгі «Жаңақорған тынысы» газетінде жарық көрді. Жерлесіміз композитор Сауран Елеуовке арналған «Ән салшы, аға!» атты өлеңім аудандық газетте жарық көргеннен кейін менің өмірім болашақта журналистикамен тығыз байланысты болатынын түсіндім. Одан кейін жылт еткен жаңалықтар болса, аудандық газетке жариялап тұрдық. Басылымда жұмыс істеген Жұмабай Әбілов, Құдайберген Ертасов, Оразалы Мұсабеков, Әкім Мейірбеков сынды ағаларамыздан тәлім-тәрбие алдық. Төрде толқындаған шашын кейін серпіп тастап, ақыл-кеңесін айтатын Адырбек Сопыбековтың болмыс-бітімі қандай еді?! Алғаш рет редакцияға имене басып өлең әкелгенде «Мына баланы ауданның атынан дереу облыстық «Жігер фестиваліне» жіберейік, бағыты дұрыс екен» деп мені аламан бәйгеге қосып жіберген Адырбек ағамның осы жақсылығын әлі күнге дейін еш ұмытқан жоқпын. КазГУ-ге түскен жылы алғашқы өндірістік практикамды да осы басылымда өткердік. Қазір сағына еске аламын сол жылдарды...
Оқуға түстік. Журналистикада өз жолымызды таптық. Атақ, абыройға кенелдік. Қазір ойлап қарасам, осының барлығының бастауында журналистикада жемісті жолымды жалғастырған «Жаңақорған тынысы» тұр екен!
«Ғалым боламын, ғылым саласында терең зерттеулер жасаймын» деп армандап жүрген менің балалық көзқарасымды журналистикаға қарай күрт бұрып жіберген, жаңалықтардың жаршысы болған «Жаңақорған тынысы» бүгінгі мерейтойың құтты болсын!
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ,
Ақпарат саласының үздігі,
Қазақстанның Мәдениет қайраткері.
30 маусым 2018 ж. 1 358 0