№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «ШУАҒЫҢ БОП ТӨГІЛЕМІН»

«ШУАҒЫҢ БОП ТӨГІЛЕМІН»


Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы, – деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, көкіректе күмбірлеген көп сырды көгенін жамыратпай жалқы сөзбен жеткізуде ақындық арын аз, ақыл мен сезім, түйсік пен таным қоса қабат өріліп, дария сөздің тасқынын жыр тілімен өрнектегенде ой-өрісіңді серпіп, өзгеше күйге бөлесе, нағыз өлең осы.
Талант жеміс берерден бұрын түйнек салады. Шертіп көргеніңде шымыр да шыдамды, тамыры терең, дауылға төзімді көкөрім сабақтар құнарлы жемістің көрінісін көз алдыңа әкелмей ме?
«Жаңақорған тынысы» газетінің 85 жылдығы аясында балалар ақыны Адырбек Сопыбековтың туған күніне орайластыра «Шуағың боп төгілемін» атты жас жазба ақындар мүшайрасында осындай келешегінен үкілі үміт күткен жауқазын желкендердің бір шоғыры жыр додасында бақ сынады.
Байқау шарты бойынша үміткерлерге ақынға арнауын және өзінің еркін тақырыпта жазылған өлеңін оқу міндеттелді. Мүшайрада Машбек ауылынан келген жас ақын Ұланбек Бексаба үздік мәнерімен танылса, №167 мектеп оқушысы Амангелді Зейнептің өлеңі жоғары көркемдік деңгейден танылып, 1 орынды еншіледі. 2 орынды №163 мектептің оқушысы Әшім Тоғжан, 3 орын №169 мектеп оқушысы Дильназ Мәдібекова мен жас талап Айтжан Сержанға бұйырды. «Жас қанат» және «Қауырсын қалам» аталымды сыйлығы оқушылар Әшім Ақжүніс және Малтабар Ұлбосынға табыс етілді.
Ақын аталарына деген аяулы сезімдерін бала жүрекпен жыр жолдарына айналдырған жас түлектер қатарында Төменарықтан келген балғын Асылбекқызы Ұлжанның Адырбек аға мен оның жары Шарипа апамызға арнаған балауса өлеңінен өнер жолының өміршеңдігін пайымдай білер парасаттылықтың ұшқыны аңғарылды.
Жүлдегерлерге арнайы Диплом және сый-сияпат табыс етілді.
Айта кететіні, рухани жаңғыру бағдарламасымен үндес өткен шараның өтуіне аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы КММ қолдау білдірсе, «Арман асуы» қоғамдық қоры демеушілік танытты.
Жыр кешінің қадірлі қонағы, ақынның жары Шарипа апамыз талапкерлерге шын көңілден ризашылығын білдіріп, сәт сапар тіледі.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ.
15 мамыр 2018 ж. 1 589 0