» » ОҚШАУ ОЙДЫҢ – ОРНЫ БӨЛЕК

ОҚШАУ ОЙДЫҢ – ОРНЫ БӨЛЕК

Құрметті «Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы. Төл басылым аудан өміріндегі маңызды да, құнды ақпараттарды тартымды әрі, қызықты етіп жариялап жүр. Әсіресе, газеттің соңғы бетіне бірінші көз салып, танымдық-тарихи, мәдени-рухани материалдарды арқау еткен «Солай болған», «Ауыл айтқыштары», «Сенбілік сұхбатты» жібермей оқимын. «Оқшау ой» аудандық газетке шыққалы үзбей оқып, ұнаған ой сарасын белгілеп қойып, отбасыммен талқылауды әдетке айналдырдық. Шынымды айтсам, «Оқшау ой» біздің отбасының бір бөлігіне айналғандай. – Бүгінгі «Оқшау ой» қандай тақырып көтеріпті, оның қоғамдағы маңызы қандай, – деп отбасымен таласа оқимыз.
Күнделікті өмір барысындағы ой тастап, ойландырған әр бір сауалға жауапты «Оқшау ойдан» табамыз. Бүгінде аталы сөз айтатын үлкендер азайды. Жас та болса, бас болып, айшықты ойымен ерекшелініп жүрген журналистердің ізденісіне сүйнемін.   
Жалпы, «Оқшау ойда» қозғаған түрлі тақырыптар балаларды шығармашылыққа, газет оқуға, ұқыптылыққа, қазақи тәрбиеге баулығанын байқадым. Үйге алып келген газеттерін ұқыптап, бір жерге қойып, «кезекші рекдактор не жазылыпты, қайсы тілшінің кезекті нөмірі екен?» – деп ашып жатқанын көріп қуанамын. Кейде оқып, талқылап болған соң, балаларым қалам алып өзінше жауап жазып отырады. «Жаңақорған тынысы» отбасымыздың бір бөлігі десек те болады.
Ауданның төл газеті – танымдық, көркемдік, бет-бейнең толысып, қазақи тәрбиелі басылымдарың көбейіп оқырмандарыңды рухани байыта беруіңе тілектеспін!
Айгүл МАХУЛБАЕВА,
№10 «Айгүл» балабақшасының тәрбиешісі,
Сунақата ауылы.
03 сәуір 2018 ж. 1 338 0