№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАПАТ БИІГІНДЕ

ҚАЛАМГЕРЛЕР МАРАПАТ БИІГІНДЕ


Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі Сыр өңірінің маңдайалды қаламгерлерін жинады. Ондағы мақсат байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнін жоғары деңгейде атап өту.
Салтанатты шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «жегені жаңтақ, арқалағаны алтын» журналистер қауымын құттықтады.
– Журналистер – халықшыл бағдармалар мен мемлекеттік реформалардың маңызын талқылап, талдап, бұқараға жеткізу міндетін алған күрделі кәсіп иелері. Сондықтан, маңызды мәселелерді насихаттап, қоғамдық сананың қозғаушы күшіне айналған қаламгерлердің қоғамдағы орны ерекше. Әсіресе, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдармалалық мақаласында көтерілген басымдықтарды жан-жақты дәріптеуде ерекше еңбек етіп келесіздер.
Ой құрау, сөз ұйқастыру, одан тұщымды дүние жазып шығу екінің бірінің бағына бұйырамаған асыл қасиет, – деді облыс басшысы.
Расында, қай қоғамда болмасын ақпарат құралдарының алар орны ерекше. Бүгінгі жаһандану заманында да БАҚ саласының маңызы арта түсті.
Ұлттық журналистиканың дамуы мен қалыптасуын сараласақ, Сыр журналистикасының орны ерекше. 1925 жылдың жазында барлық республикалық газеттер Қазақстанның астанасы болған Қызылордаға көшірілді. Әрі ұлттық сөз өнерінің майталмандары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов және Сәбит Мұқанов журналистік шеберлігін шыңдағаны белгілі. Қазақ журналис­тикасы тарихындағы тұңғыш әйел журналист Сара Есова мен Нәзипа Құлжанованың да өңір басылымдарында қаламының ізі қалды.
1925 жылы 1 қазанында Қазақстанда шығарылған газеттердің саны 31-ге жетіп, оның 13-і қазақ тілінде жарық көрген. Тек Қызылорда қаласының өзінен 1925-1929 жылдары республикалық – 6 газет, 8 журнал шыққан.
Салтанатты шарада өңір басшысы Қырымбек Елеуұлы «Жаңақорған тынысы» газетінің жауапты хатшысы Әбдісамат Әбдішке «Қарымды қаламгер» номинациясын табыстады. Ал, Қазақстан Журналистер одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев басылымның бөлім меңгеруші Әлібек Жарықбаевты одақтың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

***
Аудан әкімі Ғалым Әміреев кәсіби мерекеде аудан үнжариясының шығармашылық ұжымын қабылдап, жүрекжарды тілегін арнап:
– Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Қазір аудандық билік пен басылым арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алды. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы аудан тұрғындарына жедел ақпараттар жеткізіліп келеді, – деді.
Сондай-ақ, «Шалқия Цинк ЛТД» бас директорының кеңесшісі Нажмадин Мұсабаев қаламгерлерді құттықтады. Ал, ардагер қаламгер Ерубай Қалдыбек көңіл бөліп, қалемгерлерді қадірлеген жергілікті билікке алғысын білдірді.

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
30 маусым 2018 ж. 1 253 0