№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түркістаннан халықаралық әуежай ашылуы мүмкін

Түркістаннан халықаралық әуежай ашылуы мүмкін


Түркістанға зиярат ету үшін жылына 1 миллионнан астам адам келеді. Шеттен келетін туристер және бар, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осыған орай облыс орталығына халықаралық әуежай салу қажет. Сондай-ақ Түркістан-Шымкент, Түркістан-Ташкент жүрдек пойызын ашу керек. Бұл туралы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан аймағын дамытуға арналған комиссияның алғашқы отырысында айтты.
Жиында еліміздің бірқатар вице-министрлері Түркістан шаҺарын дамыту үшін қандай мәселелерге мән беру керектігін жан-жақты талқылады. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев облыс орталығын Түркістанға көшіру үшін арнайы штаб құрылғанын жеткізді. Сонымен қатар үкімет деңгейінде шешуді қажет ететін бірқатар мәселелердің де бар екен атап өтті. Мәселен, Түркістан қаласын ауызсу, газ, жылу, электр қуатымен қамту және Түркістан мен Кентау қалаларында көпқабатты тұрғын үйлер салу қажеттігі көтерілді. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамытып, туризм индустриясына басымдық беру керектігі айтылды. Басқосу соңында Асқар Мамин аталған мәселелер бойынша тиісті жоспар жасап, ұсыныс енгізуді сала жетекшілеріне жүктеді.
«Энергетика министрлігіне облыс әкімшілігімен бірге Түркістан қаласын энергиямен қамтамасыз ету бойынша бас жоспарын дайдындауға қатысты және жылу көздерін дамыту бойынша ұсыныстарын енгізуді тапсырамын. Инвестиция және даму министрілгіне облыс әкімшілігімен бірге қаланың көлік инфрақұрылымының дамуына қатысты сұрақтарын қарастырып, ұсыныстарын енгізсін. Инвестициялар және даму министрілгіне, ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімшілігімен бірлесіп, қаланы сумен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырсын», - дейді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин.
28 маусым 2018 ж. 1 260 0