№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түркістанда бір түннің ішінде жер телімі 1 млн теңгеге қымбаттап кетті

Түркістанда бір түннің ішінде жер телімі 1 млн теңгеге қымбаттап кетті


Түркістанда бір түннің ішінде жер телімі 1 млн теңгеге қымбаттап кеткен. Облыс орталығы Түркістан қаласы болады деген әңгіме шыққалы бері 2,5 млн теңгеге бағаланған 10 сотық жердің құны 3,5 млн теңгеге дейін өссе, бүгін жер иелері 4 млн теңге сұрап отыр деп хабарлайды 
NUR.KZ тілшісі.
Бұл күнге дейін 3 млн теңгеге өтпей келген 10 сотық жері бар 2 бөлмелі шағын "времянка" 4,5 млн теңгеге дейін өсіп кеткен еді. Киелі мекен Түркістан облыс орталығына айналған соң-ақ коммерциялық нысандар 30-40 пайызға қымбаттап кеткен.
"Бірақ баға шарықтағанымен, нақты сатып алушылар әлі көрінбейді. Енді ғана ресми статусымыз анықталды. Ендігі жерде сатып алушы да көбейіп, баға бұдан да аспандайды", - дейді риэлторлар.
"Жалға берілетін пәтерлер тәулігіне 3 мың мен 5 мың теңгенің арасында. Көп сатушылар, яғни жерін, үйін сатам дегендер ниеттерінен айнып қалды. Өйткені, бағаның бұдан да шарықтайтынына сенімді. Қаланың кіре берісінде орналасқан жылжымайтын мүлік бағасы бірден шарықтап кетті. Өйткені жаңа орталық, яғни Түркістанның іскерлік-әкімшілік орталығы болатын аумақта жер телімінің бағасы ұшып кетті", - дейді қала тұрғыны, жылжымайтын мүлік саудасымен айналысушы Гүлнәр Ташбулатқызы.
162 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан қаласының жалпы жер аумағы 19 мың 627 гектар. Жаңа мәртебеге ие болған көне шаһардың жер көлемі 35 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ.
"Түркістанда адам көбейетініне сенімдімін. Түркістан - тоғыз жолдың торабы. Темір жол бар. Түркістан "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" бойында орналасқан. Біле білсеңіздер, Қызылорда мен Ақтөбе сынды бірқатар еліміздің қалаларынан арнайы келіп, жеміс жидекті, көкөністі Түркістаннан алып кетеді" ,- дейді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев.
Болашақта Түркістан қаласы солтүстік, оңтүстік-шығыс бағытына дейін ұлғаятын болады. Сәулетшілер Қожа Ахмет Яссауи кесенесі келбетінің көмескіленіп, яғни жабылып қалмауына баса назар аударып отыр.
Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев:
"2020 жылға қарай облыс орталығы Түркістандағы құрылыстардың барлығы аяқталуы тиіс. Мемлекеттік мекемелердің барлығына бірдей бірден ұсына қояр ғимараттар жоқ. Есесіне, Түркістанда кәсіпкерлік нысандары, ғимараттар жеткілікті. Уақытша жалға алып, амалдауға болады деп ойлаймын", - деді.
Айта кетейік, Түркістандағы азық түлік және киім кешек бағасында әзірге тұрақтылық бар. Мәселен, азық-түлік дүкенінен қызанақтың келісін 100 теңгеге, картопты 90 теңгеге, өріктің келісін 100 теңгеге сатып алуға болады екен.
Ең қымбат, элиталы деген түркістандық ресторанда кешкі ас ішу үшін екі адамға орташа есеппен 20 мың теңге қажет болса, ортаңқол кафелерде 10 мың теңгенің өзі жеткілікті.
21 маусым 2018 ж. 1 318 1

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 05:14
Buy Alli Pills Now Free Viagra Samples viagra prescription Etienne Keflex And Cellulitis