Соңғы жаңалықтар

№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Бейбіт Шүменов Түркістан облысының құрметті азаматы атанды

Бейбіт Шүменов Түркістан облысының құрметті азаматы атанды


Қазақстанның екі салмақ дәрежесі бойынша жалғыз чемпионы Бейбіт Шүменов «Түркістан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шешім облыстық мәслихат депутаттарының бірыңғай дауыс беруімен қабылданды. Бұл атақ аймақ пен мемлекет үшін сіңірген ерен еңбегі үшін және өмірінің соңына дейін беріледі. Сондай-ақ, азаматтың биографиясы кемінде он жылға аймақпен байланысты болуы тиіс.
Шүменов бірнеше күн бұрын атауы өзгерген Түркістан облысының орталығы Шымкент қаласында туып-өскен.
Естеріңізге сала кетсек, Бейбіт Шүменов дәл қазір Астана қаласында түркиялық Хизни Алтункайға қарсы жекпе-жекке әзірленіп жатыр. Шаршы алаңдағы кездесу 7 маусым күні өтеді.
21 маусым 2018 ж. 958 0