Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ

САЛЫҚТЫҚ МІНДЕТТЕМЕ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ



Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде салық төлеушілердің мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібі нақты айқындалған. Салықтық міндеттеме – салық төлеушінің мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі. Әрбір салық төлеуші өзінің салық салу объектілерін дұрыс анықтап, салықтық базаны есептеп, қолданыстағы мөлшерлемелерге сәйкес салық сомасын төлеуге міндетті.
Салық кодексінің 58-бабына сәйкес, мүлік пен әрекет салық салу объектілері болып танылады. Ал 59-бапта салықтық базаны айқындау тәртібі көзделген. Салық мөлшерлемесі мен салықтық кезең салық міндеттемелерін есептеу кезінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, 62-бапқа сәйкес, салық төлеуші салықтық міндеттемені дербес орындап, белгіленген тәртіппен есепке тұруға, салықтық есептілікті ұсынуға және тиісті төлемдерді жүргізуге міндетті. Салықтық міндеттемені орындау мерзімдері Кодекстің 64-бабымен реттеледі. Ал 65-бапта салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдері белгіленген. Осыған байланысты барлық салық төлеушілерге салық заңнамасының талаптарын сақтап, салықтық есептілікті уақытылы тапсыру және бюджет алдындағы міндеттемелерін мерзімінде орындау ұсынылады. Салықтық тәртіпті сақтау – жауапты азаматтық ұстаным мен адал кәсіпкерліктің негізі.
Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық әкімшелендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Махан Руслан Дастанұлы
                                
12 қараша 2026 ж. 49 0