САЛЫҚТЫҚ БЕРЕШЕКТІ ӨНДІРІП АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ
Салықтық берешектің қалыптасуы салық төлеушілер үшін қосымша міндеттемелердің туындауына әкелуі мүмкін. Сондықтан салықтарды уақытылы төлеу және берешектің алдын алу маңызды. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 184-бабында салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары көзделген.
Берешекті өндіріп алу заңнамада белгіленген кезектілік пен тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда, салық төлеушінің банктік шоттарындағы ақша қаражаты, дебиторлық берешегі және билік етуі шектелген мүлкі есебінен өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін. Мұндай шаралардың мақсаты – салық төлеушінің мемлекет алдындағы берешегін заңды тәртіппен өтеуін қамтамасыз ету. Кәсіпкерлерге салықтық берешектің туындауына жол бермей, өз міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындау ұсынылады.
Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық әкімшелендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Махан Руслан Дастанұлы

