Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ӘРЕКЕТСІЗ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ТАЛАПТАР

ӘРЕКЕТСІЗ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАТЫСТЫ САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДА КӨЗДЕЛГЕН ТАЛАПТАР


Фото: Нұрболат Нұржаубай
Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салықтық есептілікті уақытылы тапсырмау және салықтық міндеттемелерді орындамау салық төлеушінің әрекетсіздер тізіліміне енгізілуіне алып келуі мүмкін. 
Салық кодексінің 108-бабына сәйкес, соңғы салықтық есептілікті ұсынғаннан кейін 12 ай ішінде салықтық есептілікті өз бетінше ұсынбаған салық төлеуші әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізіледі. Бұл талап салықтық есептілікті ұсынуды заңды тәртіппен тоқтата тұрған тұлғаларға қолданылмайды. Яғни, кәсіпкер өз қызметін нақты жүзеге асырмаса да, салықтық есептілік бойынша міндеттемелерін бақылауы қажет.
Салық кодексінің 108-бабына сәйкес, мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды. Бұл тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады. Сондықтан, әрбір кәсіпкер өзінің салықтық мәртебесін тексеріп отырғаны дұрыс.
Егер салық төлеуші әрекетсіздер тізіліміне енгізілген болса, Салық кодексінің 108-бабына сәйкес, салық төлеуші нөлдік көрсеткіштермен ұсынылды деп автоматты түрде танылған салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілік ұсынған жағдайда тізілімнен шығарылады. Осығай сәйкес, салық органы қосымша есептілік ұсынылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімнен шығару туралы шешім қабылдайды.
          Салық төлеушіні нөмірлер тізілімінен алып тастаған немесе дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарған жағдайда мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығарылады.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «салық төлеушілермен жұмыс» бөлімінің бас маманы:
Аятбек Арсен Сейілханұлы
10 қараша 2026 ж. 4 0