2026 жылғы мүгедектігі бар қызметкерлерге салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексіне сәйкес 2026 жылғы мүгедектігі бар қызметкерлерге салық салу тәртібі.
Қазақстанда мүгедектегі бар адамдар әлеуметтік қорғауға және бірқатар салықтық жеңілдіктерге құқылы. Жұмыс берушілер жалақы мен салықтарды есептеу кезінде осы ерекшеліктерді ескеруі қажет.
Қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Жеке табыс салығы
Мүгедектегі бар қызметкерлерге қосымша салықтық шегерімдер беріледі:
- І топ және ІІ топ – жылына 5 000 АЕК
- - ІІІ топ- жылына 882 АЕК
- Сонымен қатар 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім (129 750 теңге) қолданылады.
Мүгедектігі бар қызметкерлер үшін Медициналық әлуметтік аударымдар (МӘА) және МӘМС жарналары төленбейді. Оларды мемлекет төлейді.
Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ)
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден тек мерзімсіз мүгедектігі бар І топ және ІІ топтағы адамдар босатылады.
Жалпы тәртіппен төленетін төлемдер:
- Әлеуметтік аударымдар
- Әлеуметтік салық
- Міндетті зейнетақы жарнасы - ІІІ топ және мерзімді мүгедектік кезінде
Жеңілдіктерді қолдану үшін жұмыс берушіге :
- Өтініш
- Мүгедектікті растайтын анықтама ұсыну қажет
Маңызды: егер қызметкер бірнеше жұмыс орнында еңбек етсе , салықтық шегерім тек бір жұмыс орнында ғана қолданылады.
Салықтық кезеңде осы Кодексте әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін белгіленген шарттарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар осы Кодекстің 345-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы
Әбжанова Әлия Оразалықызы



