№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Салықтық рақымшылыққа кімдер ілінеді?

Салықтық рақымшылыққа кімдер ілінеді?


Қазақстанда салықтық рақымшылық туралы заң күшіне енгеніне екі айдан асты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында осы жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Енді жыл соңына дейін әрбір азамат осы мүмкіндікті пайдаланып, өсімпұлдардан құтылуы қажет. Жеке тұлғалар үшін басталған салықтық рақымшылыққа кімдер ілінеді? Ол үшін борышкерлер қандай құжат дайындау керек? Біз соны саралап көрдік.


2019 жылдың 1 қаңтарына дейін жиналған салық өсімпұлдары кешіріледі. Бірақ алдымен ол салықтың негізгі қарызын төлеу керек. Толық мән-жайды Жаңақорған ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ерғали Абдрахманов түсіндірді.
– Салықтық рақымшылыққа азаматтардың екі категориясы жатады. Бірінші категорияға орындалмаған салықтық міндеттемелері бар жеке тұлғалар кіреді. Оның ішінде, көлік, мүлік, жер және жеке табыс салығы, жер учаскесін қолданғаны үшін төлем, және жеке тұлғаның басқа міндеттемелері болуы тиіс. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңіне салық міндеттері бойынша туындаған берешегін төлеген жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есептелінген өсімпұл сомалары, сондай-ақ күніне дейін есептелген өсімпұл сомалары рақымшылыққа ілінеді, – деді мекеме басшысы.
Бірінші категорияға үш түрлі мысал келтіруге болады. Егер жеке тұлғаның мүліктік табысы 500 000 теңге болып, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға байланысты жеке табыс салығы бойынша негізгі қарыз сомасы толық төленсе, қалған 100 000 теңге өсімпұл сомасы рақымшылыққа ілінеді. Екінші мысал, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушіде салық берешегі жоқ, алайда, көлік салығы есептелгенде берешек пайда болды және өсімпұл есептелді. Салық төлеуші негізгі қарыз сомасын 2019 жылғы 1 тамызда толық төлеп үлгерген болса, онда есептелген өсімпұл сомасы рақымшылыққа жатады.
Ал, үшінші мысал, жеке тұлғада ешқандай қарыз бен өсімпұл болмаса, онда өсімпұлды қайтарып алуды талап ету заңсыз. Ондай жағдай рақымшылыққа ілінбейді.
– Екінші категория – кәсіпкерлік қызметі бойынша (қосымша құн салығы, әлеуметтік салық және басқалар), жергілікті ақпарат жүйесінен «БСАЖ» АЖ-не өткен кезде, он бес жыл бұрын пайда болған жаңылыс салықтық берешегі бар, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар жатады. Бұл ретте осындай жеке тұлғалар бұрынырақ кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында жоқ болса, онда бұл категория бойынша салықтық берешектің барлық сомасын есептен шығару қажет, – деді сала басшысы.
Салықтық берешекті есептен шығару үшін үш талапқа сәйкестік қажет: бірінші, бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлға, екінші кәсіпкерлік қызметі бойынша салықтық берешегі болса және үшінші кәсіпкерлік қызметі бойынша жоғарыда көрсетілген берешек он бес жылдан артық есептелген болса.
Айта кету керек, ірі салық төлеушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суын өндіру, емдеу балшығына құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнімді өндіретіндер салықтық рақымшылыққа жатпайды.
Айта кетейік, рақымшылыққа ілігу үшін салық төлеушілерге ешкімнің табалдырығын тоздырып, есігін қағудың қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бет есептеріне мониторинг жасап, негізгі қарызын төлесе, үш жұмыс күнінің ішінде есептен шығару туралы тиісті шешімдер шығарып отырады. Салық төлеушілер негізгі қарызы мен өсімпұл мөлшерін «салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасынан көруіне болады. Сонымен қоса, Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсы және «Электронды үкімет» порталының «Салықтық берешектің жоқтығы туралы ақпарат» сервисі арқылы онлайн режимінде алуға болады.
Қорыта айтқанда, салықтық рақымшылық – кәсіпкерлерді қолдаудың негізгі тетігі. Осындай жеңілдіктер арқылы шағын және орта кәсіп иелерінің жұмысы оңтайланып, кәсібін өркендету жолындағы кедергілері азаятыны анық. Бастысы, рақымшылық арқылы кәсіптің көлеңкелі тұстары азайып, ашықтық пен жариялылық орнығатыны анық.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
17 қыркүйек 2019 ж. 784 0