ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
Бүгін аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Шалқия кенті, Құттықожа елді мекенінде жеке инвестиция есебінен салынып жатқан жаңа спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Заманауи спорт нысанының көлемі – 47×22 метр. Кешенде шағын футбол, волейбол, еркін күрес, бокс, үстел теннисі залдары және тренажер залы қарастырылған.
Жобаның тапсырыс берушісі – «Құмкөл Қызмет көлігі» ЖШС, бас мердігері – «Дала жолдары» ЖШС.
Аудан басшысы құрылыс барысын саралап, нысанның сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес салынуы қажеттігін атап өтті.
Жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба аудан тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылдануына мүмкіндік беріп, бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.


