СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

2025 жыл аудан спортшылары үшін нәтижелі, жемісті жыл болды. Олар Әлем чемпионатынан 2 күміс, 2 қола, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс, 1 қола, Азия ойындарынан 3 қола, ҚР чемпионаттарында 30 алтын, 55 күміс, 30 қола медальді иеленді.
Ауданымызда 180 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 10 336 спортшы қатысты.
Тұрақты түрде спортпен шұғылданатындар саны 36 мыңнан асып, жалпы халықтың 44,6 пайызына жетті.
Қазіргі таңда ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға 394 спорттық нысан қызмет көрсетуде.
Жоғарыда айтып өткенімдей халықтың спорттық инфрақұрылымға қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен жоба құны 423 млн. теңге болатын Келінтөбе елді мекенінде спорт кешенінің құрылысы салынып, биылғы жылдың 12 қаңтары күні ел игілігіне табысталды.
«СКЗ–U» ЖШС-нің демеушілігімен Кейден ауылында құны 115 млн теңге болатын күрес залы, сондай-ақ кәсіпорынға қарасты күкірт қышқылы зауыты аумағында құны 314 млн теңге болатын спорт кешені салынды. Бұдан бөлек, Төменарық ауылында жеке кәсіпкер Евгений Метелеевтің жеке қаражаты есебінен жабық футбол манежі салынып, пайдалануға берілді.
Сондай- ақ, Жаңақорған кентінде жеке кәсіпкер Болат Балғабаев жеке қаражаты есебінен құны 650 млн теңге болатын жүзу бассейні бар, заманауи дене шынықтыру және спорт кешенінің құрылысын жүргізуде. Бұл нысан да ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға берілетін болады.




