ЖАҢАҚОРҒАНДА ЗАМАНАУИ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Соңғы жылдары Жаңақорған ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, бүгінде ауданда 15 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілген. Оның ішінде: 10 кешен – мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында,
3 кешен – республикалық бюджет есебінен,
2 нысан – жеке кәсіпкерлердің бастамасымен бой көтерді.
Іргетасы қаланып отырған бұл жаңа кешеннің ерекшелігі – аудан тарихында алғаш рет заманауи үлкен жүзу бассейнінің қарастырылуы. Бұдан бөлек, кешен құрамында жаттығу залдары, үстел теннисі алаңдары, келушілер мен спортшыларға арналған демалыс аймақтары, тамақтану орындары болады.
Жобаның жалпы құны – 650 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 30-ға жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бұл бастама ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына тың серпін беретіні анық.
Аталған жобаны жүзеге асырып отырған — кәсіпкер, Балғабаев Болат Ахмадбекұлы.
Аудан әкімі Мажит Самитов кәсіпкерге жерлестері атынан алғысын білдіріп, бұл игілікті істі туған жерге деген шынайы жанашырлық пен перзенттік парыздың жарқын үлгісі екенін атап өтті.