№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ


«Айгөлек» балабақшасында қарттарымызды құрметтеуге, үлкенді сыйлап, кішіні аялауға тәрбиелейтін тағылымды іс-шара өтті.
Қариясын қадір тұтып, ақ батасын ардақтаған қазақ халқы үшін қарттар – сарқылмас қазына, өнегелі өмірдің шежіресі, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп білген халқымыз үлкенге құрмет көрсетіп, олардың ақыл-кеңесін тыңдауды ізгі қасиетке балаған.
Осы бір асыл дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Айгөлек» балабақшасының тәрбиеленушілері арасында «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбиеші Жетпісбаева Ақмаралдың жетекшілігімен өткен шараның негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің бойына үлкенге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, ата-әжелердің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлттық тәрбиені насихаттау.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер қарияларға арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, тақпақтар айтып, ән-жырдан шашу шашты. Балғындардың бал тілімен жеткізген ақ тілектері мен шынайы көңілдері көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Әрбір бүлдіршіннің өнер көрсетуінен үлкенді сыйлауға деген ықылас пен ізеттіліктің нышаны байқалды.
Тәрбие сағаты барысында балаларға ата мен әженің отбасындағы орны, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесі туралы түсінік берілді. Қариялардың ақ батасы – ұрпаққа рухани азық, өмірлік жолға бағыт-бағдар беретін асыл мұра екені айтылды.
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасын ұстанған халқымыз қарттарын төрге шығарып, батасын алуды мәртебе санаған. Бүгінгі жас ұрпақтың бойына осы құндылықтарды сіңіру – тәрбие мен білім беру саласының маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені үлкенін сыйлаған ұрпақтың болашағы жарқын, тамыры терең болады.
Қарияларымыз – отбасының берекесі, елдің мерейі, ұрпақтың мақтанышы. Олардың өнегелі өмір жолы мен ақыл-парасаты кейінгі буынға әрдайым үлгі. Сондықтан қарияларды құрметтеу бір күндік мерекемен шектелмей, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
«Айгөлек» балабақшасында өткен тағылымды шара балалардың жүрегіне мейірім ұялатып, үлкенді сыйлау мен құрметтеудің мәнін тереңірек түсінуге жол ашты. Осындай тәрбиелік жұмыстар арқылы бүлдіршіндер ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, адамгершілігі мол, ізетті де инабатты азамат болып қалыптасады.
16 қазан 2026 ж. 52 0