АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ

Халқымыздың «Кәрінің бәрі игі» деген ежелден келе жатқан нақыл сөзi бар. Үлкендерден жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен.
Осы мақсатта бүгін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында "AMANAT" партиясы, Жаңақорған аудандық филиалына қарасты "Жаңақорған санаториясы" бастауыш партия ұйымының мүшелері қарт кісілердің үйін аралап медициналық көмек көрсетіп, денсаулықтарын тексерді. Дәстүрге айналған игі шараның негізгі мақсаты тыл еңбеккерлері, жалғызбасты қарттарға қамқорлық көрсету, жастарды үлкен кісілерге ықыласпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.
«Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — береке.» дейді халқымыз. Сол берекелі қарттарымызды қастерлей білу, олардың жағдайын жасап, көмек көрсету – біздің парызымыз. Сол себепті, дәл осы шара одан әрі қарай да өз жалғасын табатын болады.