Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам



Қазақ халқы «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» дейді. Қоғамның зерделі қарттары бүгінгі жастардың таптырмас асыл қазынасы болып саналады.
Қазақ халқының атадан балаға беріліп келе жатқан игі дәстүрі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. Осы дәстүрді халықаралық қарттар күні ерекше атап өтіп келеміз. Осы мерекеге орай, Қожакент ауылында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қазыналы қарттарымызға мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында аудандық мәслихат депутаты Изатулла Үсенов құттықтау сөз айтып, қарияларымызға бір-бір қап ақ күріштен үлестірді.

Артынан ауыл өнерпаздары қариялардың көңілін көтеру мақсатында ауыл өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Шат шадыман болған ардагерлер ақбатасын беріп, соңынан естелік суретке түсті.
04 қазан 2024 ж. 331 0