Соңғы жаңалықтар

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

23 қазан 2026 ж. 130

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРҒА ІЗЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРҒА ІЗЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасовпен бірге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде тұрған қазыналы қарт аналар – Құлымбетова Рая Жамалқызы, Айтекеева Гүлжан Абытбекқызы және Жолдыбаева Айшагүл Сұлтанқызын арнайы шаңырағына барып, мерекелерімен құттықтады.


Аудан басшысы ақ жаулықты аналарға жүрекжарды ізгі тілегін жеткізіп, құттықтау хатын табыстады.

Өздеріне көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылықтарын білдірген қарт аналар өмір жолындағы тағылымды естеліктерімен бөлісіп, ақ баталарын берді. Елдің амандығын, халықтың бірлігі мен жұрттың тыныштығын тіледі.

Қариясы бар ел – қазыналы ел. Үлкенге құрмет көрсету, ақ жаулықты аналардың өмірлік өнегесін дәріптеу – ұрпаққа үлгі, елдік дәстүрдің айқын көрінісі.
03 қазан 2026 ж. 102 0