Топ-баннер
Топ-баннер2

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

№17 (8931) 3

03 наурыз 2026 ж.

№16 (8930) 28

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАННЫҢ ЕҢ ҚАРТ АНАЛАРЫНА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

АУДАННЫҢ ЕҢ ҚАРТ АНАЛАРЫНА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ



Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан және ел ағасы Өмірсерік Тақырбасовпен бірге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың арнайы мерекелік құттықтауын ақжаулықты аналардың отбасыларына барып, табыстады.

Аудан әкімі 90 жастан асқан және осы белеске жақындаған қарт аналарымыз, Еңбек ардагерлері Патима Байболқызы, Зауре Нұрымбетқызы, Шәйкүл Мансұрқызы, Кенжегүл Досымбекқызы және Сафия Оңғарбайқызының шаңырағына ат басын бұрып, ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқан аналардың еңбегі ешқашан ұмыт болмайтындығын жеткізді. Өз кезегінде кейуаналар ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсеткен ер азаматтарға ризашылығын білдірді.

Аудан әкімі өз сөзінде «Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы әрдайым Сіздердің еткен еңбектеріңіз бен ел үшін жасаған қызметтеріңізді бағалап, өз құттықтауын жолдады. Сіздерді және Өздеріңіз арқылы барша ауданның ақжаулықты аналары мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаймыз»,- деді.

Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген кейуаналар елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.



08 наурыз 2026 ж. 67 0