№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

№31 (8945) 28

28 сәуір 2026 ж.

№30 (8944) 25

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Аналар құрметтелді

Аналар құрметтелді

Тамылжыған көктемнің арайлы шуаққа толы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі Мажит Самитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек және ел ағаларымен бірге ақжаулықты аналардың отбасыларына барып, мерекемен құттықтады.

Аудан әкімі 91 жастағы қарт ана Дүйсенкүл Исабекқызы, ұзақ жылдар бойы салық комитетінде қызмет атқарған Надежда Геннадьевна, сондай ақ білім саласының ардагерлері Үрзада Имамбақырқызы мен Айсара Машбекқызының шаңырағына ат басын бұрып, ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосқан аналардың еңбегі ешқашан ұмыт болмайтындығын жеткізді. Өз кезегінде кейуаналар ардагерлерді ардақтап, құрмет көрсеткен ер азаматтарға ризашылығын білдірді.

Аудан әкімі өз сөзінде «Қарттарымыз қазынамыз. Біз әрдайым сіздердің еткен еңбектеріңіз бен ел үшін жасаған қызметтеріңізді жадымыздан шығармаймыз. Сіздердің өмір жолдарыңызды әрдайым бүгінгі буынға өнеге етіп келеміз. Бүгінгі өздеріңіз арқылы барша ауданның ақжаулықты аналары мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаймыз»,- деді.

Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген кейуаналар елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.
09 наурыз 2025 ж. 491 0