АУДАНДА АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Аудан бойынша 2025 жылы «тұрақты» эпидемиологиялық ахуал қалыптасты. Жедел ішек инфекциясының нақтыланған – 4 жағдайы, бруцеллез ауруының – 2 жағдайы, менингит – 4, қызылша ауруының – 8 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының нақтыланған – 2 жағдайы анықталды. Жалпы вирусты гепатит ауруының – 6 жағдайы, скарлатина – 10, риккетсиоз – 17, туберкулез ауруының жаңадан анықталған - 29 жағдайы, тыныс алу мүшелері туберкулезі – 25 жағдай, мерез – 5, эхинококкоз ауруының - 4 жағдайы, энтеробиоз – 47, қышыма ауруы – 3, тері лейшманиозы мен битшеңдік – 1, дерматомикоз ауруының – 25 жағдайы есепке алынды. Ауру ошақтарында індеттің алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
Кене шағумен 132 адам емдеу сауықтыру орнына қаралып, медициналық бақылауға алынса, әртүрлі жануарлардан жарақаттанған 164 адам есепке алынып, құтырма ауруының алдын алуда антирабиялық вакцинамен екпе ұйымдастырылды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес қызмет көрсетілуде. Басқармаға 2025 жыл көлемінде «Е-license» веб-порталы арқылы эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға 132 өтініш түсті, оның ішінде 48 өтінішке дәлелді бас тарту берілсе, 84 – өтінішке сәйкестігі туралы оң қорытынды берілді. «Е-өтініш» веб-порталы арқылы 24 жолданым қабылданды.6 жолданымды қарау өкілеттілікке кірмейтіндіктен басқа тиісті мекемеге жолданса, қалғаны ҚР әкімшілік рәсімдік процестік кодекс талаптарына сәйкес жауап берілді. Басқарма бойынша 2025 жылы 473 нысанға бармай профилактикалық бақылау жүргізіліп, нәтижесімен 86 ұсыным берілді. 2025 жылы бару арқылы профилактикалық бақылаумен тексеруге 5 нысан жоспарланып, 4 нысан профилактикалық тексерумен қамтылды. Нәтижесінде 4 ұйғарым беріліп, ұйғарымның орындалмауы себебінен 1 нысанның ҚР ӘҚБтК 462 бабы 3 тармағына сәйкес хаттама толтырылып, іс құжаттары аудандық сотқа жолданды. Айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. Тіркелген жұқпалы паразитарлық және аса қауіпті инфекциялар ошақтарына 101 тергеп-тексеру тағайындау акті ашылып, тергеп тексеру ұйымдастырылып, анықталған кемшіліктерге қарай 16 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынып, өндірілді. Аудандық прокуратура талабына сәйкес 5 стоматологиялық нысан және 2 спорт мектеп тексерілді. Анықталған кемшіліктерге қарай 7 заңды тұлғаға айыппұл салынып, өндірілді. Аудандық полиция бөлімінен 3 материал түсіп, анықталған бұзушылықтарға байланысты ӘҚБтК 425 бабы 1 тармағымен 3 жауапты тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынды. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен 2 материал түсіп, анықталған бұзушылықтарға байланысты 2 жауапты тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сол секілді облыстық білім басқармасынан да 2 материал түсіп, ӘҚБтК 425 бабы 1 тармағына сәйкес 3 жауапты тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Басқарма бойынша 2025 жыл көлемінде жүргізілген тексерулер нәтижесімен барлығы 34 әкімшілік хаттама толтырылып, 3705910теңге айыппұл салынып, қолданылған әкімшілік шаралар толықтай өндірілді. Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басымды бағыттары халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын іске асыру, халықтың инфекциялық және паразитарлық, кәсіптік сырқаттанушылығының алдын алу және оларды одан әрі азайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысына жүйелі түрде мониторинг жүргізілуін қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару жүйесін және санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүзеге асыру қызметін жетілдіру. Осы бағыттарда жүйелі жұмыстар атқарылды.
Шынар АЙДАРОВА,
аудандық СЭББ басқарма басшысы




