№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының есебі

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының есебі

Жаңақорған аудандық  санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау басқармасының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау қызметі бойынша 2024жылы  атқарған  жұмыстары
Аудан бойынша 2024 жылы «тұрақты» эпидемиологиялық ахуал қалыптасты.
Аудан бойынша жедел ішек инфекциясының нақтыланған – 10 жағдайы, бруцеллез ауруының - 4 жағдайы, менингококк жұқпасы – 1, қызылша ауруының 43 жағдайы, Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының нақтыланған – 5 жағдайы, жалпы вирусты гепатит ауруының – 4 жағдайы, риккетсиоз – 11, коронавирус инфекциясы – 6, паразитарлық эхинококкоз ауруының - 5 жағдайы, энтеробиоз – 107, туберкулез ауруының жаңадан анықталған - 26 жағдайы, қышыма ауруы – 18, дерматомикоз ауруының – 25 жағдайы есепке алынып, ауру ошақтарында індеттің алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
Кене шағумен 200 адам емдеу сауықтыру орнына қаралып, медициналық бақылауға алынса, әртүрлі жануарлардан жарақаттанған 150 адам есепке алынып, құтырма ауруының алдын алуда антирабиялық вакцинамен екпе ұйымдастырылды.
Басқарма бойынша 2024 жылы негізгі  ұйымдастырушаралары  жоспарына  сайжұмыстар  атқарылды.
Басқармабойынша  есеп  берукезеңінде жеке және заңды тұлғалардан және қабылдауда болған адамдардың сұраныстары бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қанағаттандырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес қызмет көрсетілуде.
Басқармаға 2024 жыл көлемінде «Е-license» веб-порталы арқылы 280 өтініш келіп түсті, оның ішінде 26 өтінішке дәлелді бас тарту берілсе, 132 – өтінішке сәйкестігі туралы оң қорытынды берілген (обьект – 109, проект - 23), өз бастамаларымен кері қайтарылып алынғаны – 122.
«Е-өтініш» веб-порталы арқылы 36 арыз ретінде жолданым қабылданды, о.і. 13 - жолданымды қарау өкілеттілікке кірмейтіндіктен басқа тиісті мекемеге жолданды, 23 - арызға жауап берілді, оның ішінде 1 - арыз өз бастамаларымен кері қайтарылып алынды, 5-уі тоқтатылды.
Берілген рұқсат құжаттары – 132, оның ішінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 109, қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 23.
Басқарма бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесімен барлығы 263 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша - 259 хаттама, 463-бабы 1-тармағы бойынша - 3 хаттама, 462-бабы 3-тармағы бойынша-1 хаттама.
ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша толтырылған 259 әкімшілік хаттаманың айыппұл мөлшері – 45 555 588 теңге, толық өндірілген.
ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-тармағы бойынша 3 заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, Жаңақорған аудандық сотында қаралып, 3 заңды тұлғаға әр қайсысына 64610 (193830 теңге) теңгеден айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. 
ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық сотының 28.11.2024 жылғы №4340-24-00-3/844 қаулысына сәйкес жеке балабақша мекемесіне 258 440 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қолданылған әкімшілік шаралар толықтай өндірілді.
21 қаңтар 2025 ж. 315 0