Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау қызметі бойынша 2023жылы атқарған жұмыстары

Жаңақорған аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау қызметі бойынша 2023жылы атқарған жұмыстары



Аудан бойынша 2023 жылы «тұрақты» эпидемиологиялық ахуал қалыптасты.
Аудан бойынша жедел ішек инфекциясының нақтыланған – 8 жағдайы, ротавирустық энтерит - 2 жағдай, бруцеллез ауруының - 8 жағдайы, скарлатина – 2 жағдай, коронавирус инфекциясының зертханалық нақтыланған – 25 жағдайы, қызылша ауруының нақтыланған 26 жағдайы, Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының нақтыланған – 6 жағдайы, риккетсиоз – 9, жалпы вирусты гепатит ауруының – 5 жағдайы, паразитарлық эхинококкоз ауруының - 5 жағдайы, энтеробиоз – 86, лямблиоз – 3, туберкулез ауруының жаңадан анықталған - 22 жағдайы, педикулез – 33, дерматомикоз – 14 жағдайы есепке алынып, ауру ошақтарында індеттің алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
Кене шағумен 308 адам емдеу сауықтыру орнына қаралып, медициналық бақылауға алынса, әртүрлі жануарлардан жарақаттанған 198 адам есепке алынып, құтырма ауруының алдын алуда антирабиялық вакцинамен екпе ұйымдастырылды.
Басқарма бойынша 2023 жылы негізгі  ұйымдастырушаралары  жоспарына  сайжұмыстар  атқарылды.
Басқармабойынша  есеп  берукезеңінде жеке және заңды тұлғалардан және қабылдауда болған адамдардың сұраныстары бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қанағаттандырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес қызмет көрсетілуде.
2023 жылдың 12 ай қорытындысымен «Е-лицензиялау» электронды жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет алуға келіп түскен өтініштер саны - 88, о.і. дәлелді бас тарту - 25, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берілгені – 63, оның ішінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 51, қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 12.
«Е-өтініш» веб-порталы арқылы 16 арыз ретінде жолданым қабылданды, оның ішінде 5 - арыз өз бастамаларымен кері қайтарылып алынды, 2 - жолданымды қарау өкілеттілікке кірмейтіндіктен басқа тиісті мекемеге жолданды, 4-уі тоқтатылды, 5 - арызға жауап берілді.
Басқарма бойынша жоспардан тыс 1 - емдеу сауықтыру мекемесі, 1 - кәсіпкерлік нысан, 2 –мектепке дейінгі білім беру ұйымы тексерумен қамтылса,  прокуратураның қаулылары негізінде 34 - емдеу сауықтыру орны, 2 - жазғы тынығу лагерлері тексерілді.  
Тексерулер нәтижесімен Басқарма бойынша барлығы 32 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша - 30 хаттама, 463-бабы 1-тармағы бойынша - 2 хаттама.
ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-тармағы бойынша жауапты тұлғаларға 30 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 587 500 теңге айыппұл салынып, өндірілді. 
ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-тармағы бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылып, Жаңақорған аудандық сотында қаралып, 2 заңды тұлғаға 120750 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылып, толықтай өндірілді.
Басқарма бойынша жұмыс отырыстарында қаралған мәселелер – 18, жоғары тұрған құзырлы органдарға дайындалып, жолданған талдаулар, ақпарат, анықтамалар – 146.
Аудандық СЭББ бастамасының ұсынысымен қаралып, жергілікті атқарушы органдарда қабылданған шешімдер – 13, о.і. инфекциялық және паразитарлық аурулардың алдын алу бойынша – 3, аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша – 10. Қабылданған медициналық кеңес шешімдері – 2. Өзге ведомостволармен бірге қабылданған шешімдер – 2.
Басқарма мамандары арасында жыл көлемінде жүргізілген семинарлар, дөңгелек үстелдер – 23, о.і. инфекциялық және паразитарлық аурулардың алдын алу бойынша – 2, аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша – 1, медициналық көмек көрсетумен байланысты жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша – 1, коммуналдық нысандарды қадағалау бойынша – 1, өнеркәсіп гигенасы бойынша - 1, балалар және жасөспірімдер гигиенасы  бойынша – 3, радиациялық гигиена бойынша – 1, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша – 3, мемлекеттік қызмет, әдеп нормалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша –7, әкімшілік практика талаптары бойынша – 3
Басқарма мамандарымен өзге ведомоство өкілдеріне жүргізілген семинарлар, дөңгелек үстел – 108, о.і.  инфекциялық және паразитарлық аурулардың алдын алу бойынша – 28, аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша–54, медициналық көмек көрсетумен байланысты жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша – 3, коммуналдық нысандарды қадағалау бойынша – 5, балалар және жасөспірімдер гигиенасы  бойынша – 11, тағам гигиенасы бойынша – 5, жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша – 2.
Санитариялық ағарту жұмыстары – 5532, о.і. газетке мақала – 53, телеарнаға шығу - 1, брифинг-1, оқылған дәрістер – 1067, әләуметтік желілерге жарияланымдар – 1534,жүргізілген акциялар – 426.
Тоқсан сайын алқа мәжілісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде заңнама талаптарының орындалуы  арнайы мәселе ретінде қаралып, мамандар арасында  құқықтық семинарлар өткізілді.
Жаңақорған аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2023 жылға басымды бағыттары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сыбайлас жемқорлыққа ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу, денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын іске асыру, халықтың инфекциялық және паразитарлық, кәсіптік сырқаттанушылығының алдын алу және оларды одан әрі азайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысына жүйелі түрде мониторинг жүргізілуін қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару жүйесін және санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүзеге асыру қызметін жетілдіру, тиімділігін арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу болып табылады.

Ш.Айдарова
Жаңақорған аудандық
санитариялық – эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы  
17 қаңтар 2024 ж. 341 0