№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2022 жылы атқарған жұмыстары

Санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2022 жылы атқарған жұмыстары

Жаңақорған аудандық  санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау басқармасының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау қызметі бойынша 2022  жылы  атқарған  жұмыстары 


Аудан бойынша 2022 жылы «тұрақты» эпидемиологиялық ахуал қалыптасты.
Аудан бойынша коронавирус инфекциясының зертханалық нақтыланған - 677 жағдайы, нақтыланбаған вирусты пневмония ауруының – 14 жағдайы, жедел респираторлы вирусты инфекциясының – 4793 жағдайы, жедел ішек инфекциясының – 26 жағдайы, жедел вирусты гепатит ауруының – 2 жағдайы, созылмалы вирусты гепатит ауруының – 5 жағдайы, желшешек ауруының – 58 жағдайы, Конго Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының нақтыланған – 3 жағдайы, риккетсиоз – 17, бруцеллез ауруының - 12 жағдайы, туберкулез ауруының жаңадан анықталған - 20 жағдайы, тері лейшманиоз ауруының – 2 жағдайы, паразитарлық эхинококкоз ауруының - 3 жағдайы, аскаридоз – 8, энтеробиоз – 72, лямблиоз – 2, педикулез – 1, дерматомикоз – 20, қышыма ауруының - 4 жағдайы есепке алынып, ауру ошақтарында індеттің алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
Кене шағумен 91 адам емдеу сауықтыру орнына қаралып, медициналық бақылауға алынса, әртүрлі жануарлардан жарақаттанған 159 адам есепке алынып, құтырма ауруының алдын алуда антирабиялық вакцинамен екпе ұйымдастырылды.
Басқарма  бойынша 2022 жылы басшының  бұйрығымен бекітілген  негізгі  ұйымдастыру  шаралары  жоспарына  және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген 2022 жылдың І-ші және ІІ -ші жартыжылдығына арналған  нысандарды ерекше тәртіп бойынша тексеру кестесіне сай  жұмыс  атқарылды.
Басқарма  бойынша  есеп  беру  кезеңінде жеке және заңды тұлғалардан және қабылдауда болған адамдардың сұраныстары бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қанағаттандырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметті көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес қызмет көрсетілуде.
2022 жылдың 12 ай қорытындысымен «Е-лицензиялау» электронды жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет алуға келіп түскен өтініштер саны - 130, о.і. дәлелді бас тарту - 34, қанағаттандырылғаны – 96. «Е-өтініш» веб-порталы арқылы 9 арыз ретінде жолданым қабылданды, оның ішінде 2-арыз өз бастамаларымен кері қайтарылып алынды, 2-жолданымды қарау өкілеттілікке кірмейтіндіктен басқа тиісті мекемеге жолданды, 1-уі өз өтініші бойынша қараусыз қалдырылған, 4-арызға жауап берілді.
Берілген рұқсат құжаттары – 96, оның ішінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 77, қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру – 19.
2022 жылы бекітілген  кестеге  сәйкес  тәуекел дәрежесін бағалаудың ерекше тәртібі  бойынша тексерулер жүргізуге барлығы 158 нысан  жоспарланып, 155 тексеру жүргізіліп, жоспардың  орындалуы  98,1 пайызды  құрады. Басқарма бойынша тексерулер нәтижесімен барлығы 175 (10 498 432,50) айыппұл салынып, өндірілді, о.і. заңды тұлғаға - 2, лауазымды тұлғаға – 6, жеке тұлғаларға – 167 айыппұл.
Басқарма бойынша тексерулер нәтижесімен санитариялық  талаптарға  сәйкес  келмеушіліктер  бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 74 ұйғарымдар беріліп, 62-і орындалса, 5-ұйғарымның орындалу мерзімі бар, 7 –
ұйғарым орындалмаған. Орындалмаған 7 ұйғарым бойынша 7 заңды тұлғаға хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігімен сотқа өткізіліп, 7 заңды тұлғаға 1 500 870 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Жалпы басқарма  мамандары  тарапынан  2022 жыл көлемінде  барлығы  42 - семинар,  151 - акция, 8 - дөңгелек үстел, 1807 – әңгімелесу, 611 – дәріс, баспасөз басылымдарына  - 37 мақала, жарияланып, әләуметтік желілерге – 1278 мәліметтер жарияланды.
Тоқсан сайын алқа мәжілісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде заңнама талаптарының орындалуы  арнайы мәселе ретінде қаралып, мамандар арасында  құқықтық семинарлар өткізілді.
Жаңақорған аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2023 жылға басымды бағыттары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не сыбайлас жемқорлыққа ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу, денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуын іске асыру, халықтың инфекциялық және паразитарлық, кәсіптік сырқаттанушылығының алдын алу және оларды одан әрі азайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысына жүйелі түрде мониторинг жүргізілуін қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару жүйесін және санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүзеге асыру қызметін жетілдіру, тиімділігін арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу болып табылады.

Шынар Айдарова
Жаңақорған аудандық
санитариялық – эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы  
30 қаңтар 2023 ж. 230 0