№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

№24 (8838) 5

05 сәуір 2025 ж.

№23 (8837) 1

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » АӘТД: әдістемелік семинар

АӘТД: әдістемелік семинар


Оқушыларды отансүйгіштікке баулу, патриоттық тәрбиесін қалыптастыру мен әскери тәртіптің тетіктерін түсіндіру мақсатында пән ұстаздары жиі-жиі спорттық шаралар ұйымдастырып, мұғалімдер арасында жарыстарды өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Өткен аптада Жаңарық ауылында №167 орта мектеп базасында Қызылорда облысының білім басқармасы, тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының жылдық іс-шаралар жоспарына сәйкес, АӘТД пәні бойынша «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту әдістемесімен оқушыларға патриоттық тәрбие беру жолдары» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.


Аталған шараға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласының пән бойынша әдіскерлері, бірлестік жетекшілері және АӘТД пәні оқытушы-ұйымдастырушылары, ҚР ОАМ «ӨРЛЕУ» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда филиалының пән бойынша тренерлері қатысты.
Семинрға келген қатысушыларға мектеп жанындағы әскери-спорттық қондырғылармен таныстырылып, ары қарай мектеп ішіндегі патриоттық бағыттағы көрме ұйымдастырылып жауапты мамандары таныстырып шықты. Бұл мктеп аудандағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған алғашқы білім ордасы.
Әдістемелік семинардың ашылуы салтанатына облыстық білім басқармасы, тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы басшысының орынбасары Е.Алпысбаев, №167 орта мектеп директоры Қ.Елемесов жылы лебіздерін білдіріп, шараға сәттілік тіледі.
Бағдарлама бойынша №192 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ А.Егембердиев «АӘТД пәні бойынша оқушыларға патриоттық тәрбие беру жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Әрі «Жарықшақты қол гранаталары» тақырыбында 10 А сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. №56 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ Қ.Үпенов «Ядролық қару және оның сипаттамасы» тақырыбында панорамалық сабақ арқылы әдіс-тәсілдерді таныстырып шықса, №247 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ Р.Сүлейменов семинарға қатысушы әріптестермен «Мектептегі оқытушы-ұйымдастырушысының функциональдық міндеттері» тақырыбында пікірталас ұйымдастырды. №167 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ А.Мадалиев АӘТД пәні оқу кабинетінің жабдықталуын таныстырса, №196 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ Ө.Мүзарапов «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесінің жұмыстарын көрсетілім арқылы түсіндірді. №162 орта мектеп АӘТД пәні о/ұ Т.Искендиров мектептегі әскери-патриоттық іс-шараларға шолу жасады. «Әлшекей» атындағы өнер мектебінің өнерпаздары «Мен Қазақстан патриотымын» тақырыбында сахналық қойылым арқылы көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Семинардың қорытынды бөлімінде іс-шараның ұйымдастырылуына атсалысқан әріптестерге Қызылорда облысының білім басқармасы, Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының және ҚР ОАМ «ӨРЛЕУ» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда филиалының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Арман ЕГЕМБЕРДИЕВ
бірлестік жетекші

28 қаңтар 2025 ж. 233 0