№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «ЖАС МЕРГЕН — 2023» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСТЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

«ЖАС МЕРГЕН — 2023» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСТЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша беру орталығының және Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық іс шаралар жоспарларына сәйкес, мектеп оқушы ұлдар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен "Жас мерген-2023" әскери-патриоттық аудандық іріктеу кезеңі 2023 жылы 05 қазан күні №110 мектеп лицей базасында өткізілді.


Аудандық кезеңіне:
Орталық аймағы (№3, №51)
Ынтымақ аймағы (№55, №110, №164, №286) Сығанақ аймағы (№52, №162)
Тау аймағы (№54, №161, №180, №239, №254
Сыр аймағы (№167, №245)
Аққорған аймағы (№184, №192, №240)
командаларынан 30 оқушы ұлдар қатысты.

Сайыс бағдарламасы бойынша: Пневматикалық винтовкамен нысана ату сайысы, Пневматикалық винтовкамен жылдамдыққа нысана ату, АК-74 оқу қаруын жартылай бөлшектеу/жинақтау, АК-74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау, Жалпы әскери қорғаныш жиынтығын кию, Кермеде тартылу/турник/, Командалық кросс сайыстары бойынша оқушылар сынға түсіп, бақтарын сынады.

Мектеп оқушы ұлдар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен
"Жас мерген-2023" әскери-патриоттық аудандық сайысына қатысушы командалар төмендегідей көрсеткіш көрсетті:

Бас жүлде
Ынтымақ аймағы (№55, №110, №164, №286)

І-орын
Аққорған аймағы (№184, №192, №240)

ІІ-орын
Тау аймағы (№54, №161, №180, №239, №254

ІІІ-орын
Сыр аймағы (№167, №245)
19 қазан 2023 ж. 518 0