№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жас сарбаздар сайысы

Жас сарбаздар сайысы

Қызылорда облысы білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының және Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық іс- шаралар жоспарына сәйкес, мектепте оқушы ұлдар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен «Әскерге шақырылушы-2024» әскери – патриоттық аудандық сайыс мәресіне жетті.Өткен аптада №223 мектеп базасында өткен іріктеу бәсекесінде жеңімпаздар анықталып, облыстық сынға жолдама алды. Сайысқа Ынтымақ аймағы (№55, №164, №208, №221 мектеп), Сығанақ аймағы (№52, №53, №162, №166, №223 мектеп), Тау аймағы (№54, №160, №161, №180, №239, №247 мектеп), Сыр аймағы (№163, №167, №196, №224 мектеп) және Аққорған аймағы (№184, №192, №209, №256 мектеп) бақ сынады. 5 аймақтан 30 оқушы қатысып, мықтыны анықтады.
Алдымен мектептің спорт залында мектеп командалары сапқа тұрғызылып, мемлекеттік ту енгізіліп, әнұран орындалды. №223 мектеп директоры бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Асқар Дүйсебаев, білім бөлімінің әдіскері Қайбрахман Еркінов, сайыстың бас төрешісі №52 мектеп АӘТД пәні о/ұ Мақсат Нысанбай, №163 мектеп АӘТД пәні о/ұ Қуаныш Абилакимов сайысты ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
№192 мектеп АӘТД пәні о/ұ Арман Егембердиев сайыстың ережесін таныстырып шықты. Сайыс бағдарламасы бойынша: Пневматикалық винтов камен нысана ату, пневматикалық винтовкамен жылдамдыққа нысана ату, АК-74 М оқу қаруын жартылай бөлшектеу-жинақтау, АК-74 М оқу қа руының оқжатарын патрондармен жарақтау, жалпы әскери қорғаныш жиынтығын кию, әскерилендіріл ген эстафета, кермеде тартылу-турник, арқан тарту бойынша жарысқа қатысушы өрендер өнерін көрсетті.
Жалпы оқушыларды әскери бағытта тәрбиелеуге, патриоттық тәрбие беруде мұндай жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрады. Былтыр да жетістігіміз аз болмады. Облыста чемпион атанып, республикалық сында бәсіміз жоғары болды. Биылғы меже де айқын.
Сонымен жарыстың нәтижесі бойынша бас жүлде Ынтымақ аймағына бұйырды. І орын Аққорған аймағының еншісінде, ІІ орын Сығанақ сайыпқырандарында. ІІІ орынға Тау аймағы тұрақтаса, қола жүлде Сыр командасының қоржынында. Сайыстың қорытынды бөлімінде орын алған жеңімпаз командалар мен үздік нәтиже көрсеткен оқушылар аудандық білім бөлімінің дипломдары және медальдарымен марапатталып, сайыс бағдарламалары бойынша үздіктер облыстық кезеңге жолдама алды.
Арман ЕГЕМБЕРДИЕВ, бірлестік жетекшісі
28 қаңтар 2024 ж. 425 0