№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мерген қыздар мәреде

Мерген қыздар мәреде


Қызылорда облысы білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша беру орталығының және Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық іс-шаралар жоспарларына сәйкес, оқушы қыздар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен «Мерген ару – 2024» әскери-патриоттық аудандық сайысы Кеңес ауылы № 239 мектеп базасында өткізілді.

Соңғы жылдары денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәніне жіті көңіл бөліне баста­ды. Республикалық, облыстық және аудандық спартакиадалардың жиі өтуі оған нақты дәлел. Сайысқа Орталық аймағы (№3, № 163 мектеп), Сығанақ (№52, №162, №194 мектеп), Ынтымақ (№86, №164, №221 мектеп), Тау аймағы (№54, №160, №239, №247 мектеп), Сыр (№168, №213, №245 мектеп) және Аққорған аймағы (№184, №192, №209, №256 мектеп) командасынан оқушы қыздар қатысты. Алдымен мектептің спорт залында мектеп командалары сапқа тұрғызылып, ҚР Мемлекеттік туы енгізіліп, гимн орындалды.
№239 мектеп директоры Асқар Жүсіпбаев, білім бөлімінің әдіскері Қайбрахман Еркінов, №52 мектеп АӘТД пәні оқытушы-ұйымдас­тыру­шысы Мақсат Нысанбай, №163 мектеп АӘТД пәні оқытушы-ұйым­дас­тыру­шысы Қуаныш Абилакимов салтанатты жиынды ашып, сайысқа қатысушы мектеп командаларына сәттілік тіледі. №192 мектеп АӘТД пәні оқытушы-ұйымдас­тыру­шысы Ар­ман Егембердиев сайыстың ере­жесін таныстырды.
Сайыс бағдарламасы бойынша: пневматикалық винтовкамен нысана ату, пневматикалық винтовкамен жылдамдыққа нысана ату, АК-74 М оқу қаруын жартылай бөлшек­теу және жинақтау, АК-74 М оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау, жалпы әскери қорғаныш жиынтығын кию, алғашқы дәрігерлік көмек, шалқалап жатып денені көтеру сайысы бойынша оқушылар сынға түсіп, бақ сынады.
Сонымен ару мергендер арасында әскери қолданбалы спорт түрлері­нен «Мерген ару – 2024» әскери – патриоттық аудандық сайысына қатысушы командалар арасында бас жүлде Ынтымақ аймағына бұйырса, бірінші тұғыр Аққорғанның еншісін­де. Сыр сұлулары екінші, Сығанақ арулары үшінші орынға тұрақтады.
Сайыстың қорытынды бөлімінде орын алған жеңімпаз командалар мен үздік нәтиже көрсеткен оқу­шылар­ Жаңақорған ауданы білім бөлімінің дипломдарымен және ме­дальдарымен, үздік номинациялы ленталармен марапатталып, сайыс бағдарламалары бойынша үздіктер облыстық кезеңге жолдама алды.

Бақытжан НҰРМЫШОВ,
№221 орта мектеп АӘТД пәні оқытушы-ұйымдас­тыру­шысы

27 ақпан 2024 ж. 922 0