Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адамды орта тәрбиелейді

Адамды орта тәрбиелейді


Оқушының тынығу лагері – балалар үшін жай ғана демалыс орны емес, шынайы өмірдің шағын моделі іспетті. Мұнда қалыптасқан орта балалардың мінез-құлқына, өмірлік дағдылары мен болашақ өміріне айтарлықтай әсер етеді. Шаттық пен үміт, жаңа сәттер мен достықтың жылы лебі сезілетін ортада балаларды соған сай бейімдеу, қызығушылығы мен құштарлығын ояту, тұлғалық қасиеттерін ашу, өзіне деген сенімділікті арттыру – әлеуметтік педагогтың аса маңызды міндеттерінің бірі. Балалық шақтан жасөспірімдік кезеңге қадам басқан жеткіншектер үшін өзін ортаға таныстыру мен соған сай бейімделу, тұлғалық қасиеттерін тану мен қабылдау жұмыстары саналы болашақтың маңызды алғышарттарына айналды. Тынығу лагерінде жеткіншектердің өмірлік дағдыларын қалыптастыру барысында әлеуметтік педагог қандай шараларды атқаруы қажет?
Әлеуметтік педагог тәрбиеші, психолог, медиатор, ұйымдастырушы, кеңесші сынды бес түрлі қызметті қамтып, балалардың сенімді сырласы, ақылшысы бола алады. Олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетеді. Баланы жаңа қырынан таныту тәсілдері: тренингтер, тимбилдинг пен командалық ойындар, арт-терапия мен шеберлік сағаттар, пікірталас алаңы мен квесттер ұйымдастырады. Мұндай сынақтардан өткен бала психологиялық тұрғыдан шыңдала бастайды. Өз кезегінде аталмыш шаралар өмірдегі маңызды дағдыны қалыптастыруға үйретеді.
Жаңа ортаға келген бала бөтен ортаға сіңісіп кете алмай, өзара түсініспеушілік болуы да мүмкін. Оның ақыры әлімжеттікке жалғасуы да ғажап емес. Әлеуметтік педагогтің кәсіби қыры осы кезде сыналады әрі шыңдалады. Балаға моральдық тұрғыдан қолдау көрсетіп, түйінді тарқатып, тиімді тұлғааралық қарым-қатынастың орнығуына күш салады. Нәтижесінде бала өмірдің кез-келген сынынан сүрінбей өтуге шыңдалады.
Әлеуметтік мамандар жеткіншектердің көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Педагог балаларға жауапкершілік алуды, топқа жетекшілік етіп, шешім қабылдауды үйретеді. Бұны тұлғалық даму жолындағы маңызды дағдыны қалыптастырудың аспектісі ретінде қарастырсақ, нәтижесінде бала өзін басқалармен тең дәрежеде бағалап, ортақ мақсатқа жету үшін жауапкершілік ала бастайды.
Әр бала, әсіресе, жеткіншек шағында психоэмоциональды қолдау, әлеуметтік және коммуникациялық дағдыларды дамыту, өзін-өзі тану, көшбасшылық қасиеттерін шыңдау және қиындықтарды жеңу сынды дағдыларды қалыптастыруды қажет етеді. Әлеуметтік педагогтың жеткіншекпен жеке қарым-қатынасы, оның қабілетін тану және қолдау көрсету арқылы баланың болашақта табысты, сау, саналы, әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан дамыған тұлға болуына ықпал етеді. Неғұрлым өзін терең таныған тұлға соғұрлым қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, әлем игілігі үшін қызмет ете бастайды. Мұндай тұлғаның өмірі қашанда мән мен мағынаға толы болады.

Серік Қуаныш,
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
Философия және саясаттану факультетінің
4-ші курс студенті
10 желтоқсан 2024 ж. 117 0