Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ХХІ ғасырдағы ата-ана нені ескеруі керек?

ХХІ ғасырдағы ата-ана нені ескеруі керек?

   

Жаңа оқу жылы бастамасымен еліміздегі барлық білім беру ошақтарында республикалық ата-аналар конференциясы өтуде. «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында өтіп жатқан бұл шара аудан орталығындағы №169 орта мектебінде жанды көрінісін тапты. Мектеп директорының орынбасары Сәуле Балтабаева және мектептің педагог-психологы Сапура Әлібекова ұйымдастырған басқосу тақырыбы 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек тұрғысында тарқатылды. Нақтылап тоқталсақ, психолог – маман тренинг өткізіп, интернеттің пайдалы және қауіпті, жағымды және жағымсыз әсерлері жөнінде ата-анаға көп мағлұматтар беруді мақсат етті.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында баланың денсаулығына, оның физикалық, психикалық, рухани, адамгершілік дамуына зиян келетін факторлардан қорғау талаптары тұрғысында ата-ана міндеттіліктері түсіндірілді.
Компьютерлік тәуелділік 6 жасар балаларда анықталады.
Жасөспірімдік шақ – бұл өмірлік мақсаттар қалыптастыру, моральдық – адамгершілік бағдарлар жасау, әлеуметтік байланыстарды кеңейту кезеңі. Міне осы кезеңде компьютерге тәуелді жасөспірім өзінің қарым-қатынас шеңберін интернетпен шектеуі мүмкін. Соның салдарынан оның бойныдағы шынайы өмірді жатырқау сезімі, маңызды мәселелерді шешуде ..., қоршаған ортаға бейімделу жағы күрделене түсерін ұмытпаған жөн. Сондықтан ата-ана баланың интернетте немен айналысып жатқанына мән беруі керек. Баласының қандай чатқа, топтарға, хабарландыру парақшаларына кіріп отырғанын қаперге алып, пайдалы тұстарын ұқыптап, ал ұнамсыз, тіпті қауіпті қатамға апаратын жақтарынан тез арада тыйып отыруы тиіс.
23 шілде 2019 ж. 971 0