БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ
Балаларды сауықтыру мекемелерінде тамақтан уланудан, жедел ішек инфекцияларынан және кене шағудан сақтану шараларын жүргізу маңызды. «Талдысу» тынығу лагерінде өткен семинарда осы жөнінде түсіндірілді. Тынығу алаңындағы оқушылар сарайының мәжіліс залында арнайы сала мамандары лагерь қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, демалыс орнының тазалығы мен асхана жұмысына тексеру жұмысын жүргізді.
Жалпы Сыр өңіріндегі балалар тынығатын керемет мекеннің бірі – «Талдысу» лагері.Бесарық ауылдық округінде орналасқан облыстық білім басқармасының олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында жыл сайын кем дегенде 5 ауысым бойынша оқушылар келеді. Ал олардың қауіпсіздігі аса маңызды. Сондықтан әр сайын мұнда жауапты сала мамандарының қатысуымен семинар өткізіліп тұрады.
Жаңақорған аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы балалар бөлімінің бас маманы Гүлбану Мәметова, ұлттық сараптама орталығы Қызылорда облысы бойынша филиалының Жаңақорған аудандық бөлімшесінің бактиролог-дәрігері Алматай Баракова және аудандық емхананың инфекционист-дәрігер Бибізөре Әлімбетова мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жұмысын жүргізді. Алдымен Гүлбану Әсетқызы шараның мақсаты туралы қысқаша тоқталды.
– Шараның негізгі мақсаты – лагерь ауласының тазалығы, балалардың дұрыс тамақтануы, төсек жабдықтарымен, бөлме ішінің тазалығы және кенеден сақтанудың жолдары. Осы мақсатта өтетін келесі семинар тамыз айында жалғасады. Өйткені, балалар денсаулығы басты құндылық. Сондықтан тиісті бақылау жұмыстарын күшейтетін боламыз, – деді семинар модераторы.
Одан кейін балалардың ішек аурулары мен кенеге байланысты Бибізөре Әлімбетова нақты мәлімдеме жасады.
– Жаз мезгілінде балалар ішек инфекциясы аурулары жиі орын алады. Яғни астан улану жиілейтіні рас. Сондықтан барынша балалардың тазалықты сақтауына, әрі тағамдарды талдап беруге тырысу керек. Екіншіден, қазір кене шағу процесі жүріп жатыр. Кененің улы түрлері де көп кездеседі. Фотогенді кенелердің қауіптілігі жоғары. Олар жылдам жүреді, адамның температурасын 100 метрден сезеді, ал шақса өте қауіпті. Олар көбіне өзге кенелер секілді жасыл желек маңында жүреді. Егер кене жабысса оны алып тастаудың түрлі тәсілдері бар. Арнайы қорғаныш қолғабын киіп алып кенені сағат тілімен айналдырып жұлып алу керек, асықпаған жөн, өйткені кене аяқтары адам денесінде қалып қойса ол қауіпті. Сол себепті, бала өміріне барынша сақ болған абзал, – деді.
Семинар аясында тамақтан улану кезінде қандай шаралар қолдану керек және оны алдын алудың жолдары туралы бактиоролог-дәрігер Алматай Сұлтанмұратқызы кәсіби маман ретінде кеңес берді.
– Бала денсаулығына жіті көңіл бөлуден бұрын асхана қызметкерлерінің тазалық сақтауы аса маңызды. Себебі әрбір бактерия, микробтан жұғатын ауру түрлерінен балалар денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан асхана қызметінің тазалығы бірінші орында болуы тиіс, – деді.
Әр ауысым бойынша қазір тынығу орнында 300-ге жуық бала дем алуда. Тау етегінде орналасқан демалыс орнының табиғаты мен саф ауасы әрбір балаға шабыт береді, көңіл-күйіне керемет әсер ететіні жасырын емес.
– Мен мұнда алғаш рет келдім. Әр күніміз қызыққты өтеуде, тәрбиешілерге көп рахмет. Тамақтары да жақсы, шынымды айтсам келер жылы да келуге тырысамын. Өйткені, маған қатты ұнады, – деді облыс орталығынан келген 6-сынып оқушысы Әйгерім Амантайқызы.
Жиын барысында арнайы тексеру барысында осы жағдайлардың барлығына лагерь тыныс тіршілігі түгелдей дайын екендігі көрініп, жиын соңында келген маман иелері оң бағасын берді. Өйткені, Елдос Жаңабаев басшылық ететін тынығу мекемесінің әрбір қызметкері қызметіне ұқыпты, жауапкершілікпен қарайды.
Әли ТЕМІРБЕК.