Соңғы жаңалықтар

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 49

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңды құрметтеген ел көркейеді

Заңды құрметтеген ел көркейеді


6 желтоқсан – ҚР Прокуратура органдарының құрылған күні ретінде жарияланғаны белгілі. Біз атаулы мерекеге орай Жаңақорған ауданының прокуроры Дабыл Аянұлымен әңгімелестік. Төменде сол сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

– Дабыл Аянұлы, төл мереке­леріңіз құтты болсын.
Аймақтағы басқа өңірден халқы көп, өзіндік ерекшеліктерден де кенде емес ауданымызда еңбек етіп жатқаныңызға екі жылдан асты. Осы кезеңдегі аудандық прокуратура қызметкерлерінің адам құқының құрметтелуіне кедергі келтіретін кілтипандардың жолын кесуде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтсеңіз.
– Азаматтарлың құқын қорғау, мемлекеттік меншік мен жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауда аудан прокуратурасымен бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы жылдың он бір айында прокурорлық қадағалау нәтижесінде 183 тұлға түрлі жауаптылыққа тартылған. 20 мыңнан астам тұлғаның құқығы, оның ішінде 11 662 тұлғаның конституциялық құқығы қорғалып, қадағалау актілерінің негізінде 655,2 млн теңге, оның ішінде мемлекеттік бюджетке 13,3 млн теңге өндірілген.
Сондай-ақ, 23,9 млн теңге әкімшілік айыппұл өндірілді, аудан әкімдігінің 5 заңсыз құқықтық актісінің күші жойылды.
– Мемлекет басшысының Жолдауында заңсыз пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару жөнінде тапсырмасы бар. Ауданда қанша гектар жер қайтарылып, айналымға енді? Жерге үлесі бар қанша азаматтың құқығы қорғалды?
– Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесімен ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатқан 45 074,5 гектарды құрайтын 132 жер учаскесі және кәсіпкерлік мақсатта құқыққа сыйымсыз табысталған 5,5 гектарды құрайтын 13 жер учаскесі анықталып, қабылданған шаралармен жер учаскелері мемлекетке қайтарылған.
Мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелері алдағы уақытта жеке тұрғын үй құрылысын салуға кезекте тұрған тұлғаларға табысталатын болады.
– Кәсіпкерлердің құқықтарына қатысты қандай істер қаралды?
– Ағымдағы жылы 84 кәсіпкердің құқықтары қорғалып, олардың пайдасына 623 млн теңгеден астам мөлшерде қаржы өндіріліп, 1800-ге жуық еңбеккердің құқығы қорғалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы инвесторлардың құқын қорғауға ерекше мән беріп, нақты тапсырмалар берді. Осы орайда прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге аса ден қойып келеді. Облыстың инвестициялық картасына жалпы көлемі 454 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестор енгізілген. Аудан прокуратурасы аталған инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнатыл, ұдайы кездесулер ұйымдастырып келеміз.
Осы жылы прокуратураның араласуымен жергілікті атқарушы орган тарапынан орын алған заңсыздықтар анықталып, 2 инвестордың бұзылған құқығы орнына келтірілді. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс прокуратураның қатаң бақылауында.
Облыс прокурорының бастамасымен өңірімізде 4 маңызды жоба жүзеге асырылуда. «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Смарт білезік», «IT-тергеу» және «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» деп аталатын жобалар аудан аумағында кең ауқымда жүргізілуде. Нәтижесі жоқ емес. Нақтылап айтқанда, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша және «IT tergeu» жобасының іске асыру бағытында кешенді іс-шаралар атқарылып, алаяқтық қылмыстардың көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 38% төмендеген, оның ішінде интернет-алаяқтық 25%-ға төмендеген.

Бүгінгі таңда аудан прокуратурасының қадағалау аумағында 13 алаяқтық қылмыс деректері тіркелсе, тіркелген алаяқтық деректердің 10-ы сотқа жолданып, 3-і бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Аудандық прокуратура қызметкерлері есірткімен күресу және алдын алу бағытында «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында аудан әкімдігі және полиция бөлімімен бірлесіп, есірткі контентіне қолайлылығымен анықталған мекен-жайларды аралап, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Жоба аясында аудандық прокуратурамен кент және ауыл тұрғындары арасында есірткі өнімдерінің саудасына қатысты кез келген мәліметті құқық қорғау органдарына дереу хабарлау мақсатында «Telegram» каналы арқылы «QR» коды жасалып, ауылдық округ әкімдері мен учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, халық арасында үгіт жұмысын жүргізіп, үнпарақтар мектеп, әкімішілік ғимарат, клуб, балабақша, кітапхана, кафе, ресторан және т.с.с. халық көп шоғырланатын жерлерге орналастырылды.
Есірткі және психотропты заттардың алдын алу жөнінде профилактикалық жұмыстар, яғни бейнеролик әзірленіп, кент орталығындағы LED экрандарда «Нашақорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта орналастырылды.
– Есірткіге қарсы күрес жөнінде жұмыстарға тоқталсаңыз...
Облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлының бастамасымен аудан аумағында «Шеп» бекеті орналастырылып, аудандық және облыстық полиция қызметкерлерінен құралған топпен заңсыз есірткі айналымына қарсы жұмыс жүргізіліп, есірткі құралдарын заңсыз иемденіп, сақтаған 15 тұлға ұсталып, тергеп-тексерулер басталды..
Бүгінгі таңда бұл құқық бұзушылық деректердің 8-і сотқа жолданса, 7 дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
– Жоғары қадағалау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде аудандық прокуратурада қандай жаңашылдық бар?
– Қазіргі таңда прокуратура органдарында халықаралық тәжірибені ескере отырып, прокуратурамен қамауға алумен байланысты емес адамдарға қатысты бұлтартпау шарала­рын қолданған кезде бақылаудың электрондық құралдары – смарт білезіктер қолданыла бастады. Бұл тәсіл осы жылдың өткен мерзімінде Жаңақорған аудандық сотының шешімімен қылмыстық іс бойынша 13 күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі алдын алу шарасын таңдау кезінде қолданылды.
Қазіргі таңда электронды білезіктерді қолдану күдіктілердің тергеу мен соттан бой тасалау әрекеттерін болдырмауға мүмкіндік береді. Электрондық білезіктерді қолдану қылмыстық жазаны ізгілендіру талаптарына сәйкес келеді және жақын болашақта қамаудағы адамдардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде аудан көлемінде жалпы тіркелген 142 қылмыстық құқық бұзушылық деректерінің 33-і есірткі қылмысына қатысты болған.
Облыс прокурорының тапсырмасына сәйкес қадағалау аумағында «Қылмыссыз ауыл – кемел келешек кепілі» жобасы аясында бірқатар жұмыстарға қол жеткізілді.
Жалпы аудан аумағында 24 ауылдық округ пен 2 кентте 357 дүкен бар, оның 123-де алкогольдік өнімдері сатылса, 234-і алкоголь өнімдерін сатудан бас тарқан.
Аталған елді мекендердің 14-де қылмыстық құқық бұзушылық деректері мүлдем тіркелмесе, Өзгент ауылы мүлде ішімдік сатпайтын ауыл ретінде көпке үлгілі.
Аудандық прокуратураның ықпалымен жалпы аудан көлемінде заңсыз алкоголь өнімдерін сатқан 22 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Біздің араласуымыздан кейін аталған тұлғалар тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін қосымша Әкімшілік кодекстің 463-бабымен жауапкершіліктерге тартылып, кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар көрілді.
Прокуратураның бастамасымен аудандық ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес, әйелдер кеңесі, ауыл әкімдері, полиция және мемлекеттік кірістер органдарымен жобаны жүзеге асыруда ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
– Елімізде әйелдер мен балалардың құқықтарына қатысты заң жобасында елеулі өзгерістер болғаны белгілі. Осы жөнінде тоқталып өтсеңіз.
– Аудан прокуратурасының бастамасымен уәкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыра отырып аудан аумағында Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ведомоствоаралық мәжіліс өткізіліп, Қазақстан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізілгені жөнінде кең ауқымды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Заңдардың басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік сая­саттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйым­дастырушылық негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.
Мақұлданған заңдарға сәйкес енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
Өз кезегінде сот қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның тәртібіне қатысты ерекше талаптар белгілей алады. Сондай-ақ буллинг, кибербуллинг балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік көзделіп отыр. Алдағы уақытта бұл заңдар әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғауға тың серпін береді деп сенемін.
– Мерекелік тілегіңіз...
– Атқарылған жұмыстардың барлығында аянбай тер төгіп келе жатқан аудандық прокуратура қызметкер­лері – Бауыржан Мейрамбекұлы, Серікбай Сейтмахан, Берік Байсбаев, Құралай Нұржанқызына алғысым зор. Еңбектерінде табысты болсын дегім келеді.

Сұхбаттасқан Баян Үсейінова

07 желтоқсан 2024 ж. 134 0