» » Жаңа тағайындау жауапкершілікті арттырады

Жаңа тағайындау жауапкершілікті арттырады


Аймақ прокуратурасы саласындағы кадрлық өзгерістерге байланысты тағайындаулар жөнінде Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Тынарбайұлының қатысуымен аудан активінің жиыны өтті.

 Жиынды аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы ашты. Сөз кезегін алған Исламбек Тынарбайұлы:
 – Еліміз бойынша жас кадрлардың әлеуетін нығайтуда оларға сенім арту маңызды. Бұл бағытта өзгерістер болуы өмір талабы. Осы ауданда жұмыс істеп келген тәжірибелі маман Дарын Әбішұлының еңбегі бағаланып, облыс прокурорының шешімімен алдағы уақытта Қазалы ауданы прокуроры қызметіне тағайындалып отыр. Дарын Елтайұлы, өзі осы ауданның тумасы, туған жерінде он жылдан аса уақыт абыройлы еңбек жолынан өткенін де ерекше айта кеткен орынды , – деді.

 Одан әрі Жаңақорған ауданы прокуроры қызметіне тағайындалып отырған Дабыл Аянұлын таныстырды. Жаңа басшының алдағы уақытта жергілікті құзырлы органдармен, бастысы елхалықпен бірлесіп мемлекеттік меншік пен азаматтардың құқын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауда қажырлы қызмет жасауына тілектестігін білдірді.

 – Дабыл Аянұлының Жамбыл облысының тумасы, прокуратура органдарында біраз жыл басшылық қызметтерде болғанын, Жамбыл облысында, Алматы қаласында, соңғы екі жылда облыстық Табиғат қорғау прокуроры болып қызмет атқарып келгені жөнінде хабарлар етті. Алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

 Аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы қызметтік тағайындаулар талабымен қос ауданның прокуроры лауазымына жаңадан тағайындалып жатқан тұлғаларға ағалық тілегін білдірді.

 – Жаңақорған ауданы облыста ең үлкен, өзіндік ерекшеліктерден де кенде емес, осы өңірде өрісті еңбек етіп, адам құқының құрметтеліне кедергі келтіретін кілтипандардың жолын кесуде жас маман Дабыл Аянұлымен талап тұрғысында тиянақты жұмыс жасайтынымызға сенемін. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін, – деген ол бүгінге дейін Жаңақорған ауданы прокуроры қызметін атқарып келген Әділет кеңесшісі Дарын Елтайұлының ауданда заңдылықтарды сақтау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бағытында атқарған қызметіне алғысын білдірді. «Ел болған соң тентексіз болмайды. Соның барлығында оңтайлы заң баптарымен шиеленіссіз шешуде шынайы ізгілікті ұстанып келген тәжірибесімен елдіктің нықталуына еңбек сіңірген тұлғалық бет-беделі ел көкейінде қалады деп сенемін, – дей келе осы еңбектері үшін Дарын Елтайұлын Жаңақорған ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

 Дарын Елтайұлына аудан халқы атынан тілегін жеткізген аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Өмірсерік Тақырбасов оның заңдылықты қадағалаудағы қатал қағидасымен қатар қандай сын сәтте де халықпен бірге бола білетін болмысына кеше, қаңтар оқиғасында ел-жұрт айқын көз жеткізгенін айта кетті. Алаңға шыққан көптің алдында үш күн тұрып, қоғамда қандай талап-тілек болсын орындалатынына өз атынан кепілдік беріп, ешқандай артық қадамға бармауына қосқан азаматтық үлесіне алғысын білдірді. Ел ағасы Алмас Нәлібаев, ауданның бас сақшысы Ғани Асанұлының шынайы тілектері де осындай мазмұнда өрбіді.

 – Өз кезегінде Дарын Елтайұлы да өзіне көрсетілген құрметке шын ниетті ризашылығын білдірді. Ел қорғаны – әскери салада бұйрықты талқылау болмайды, мінсіз орындауда міндетіне алған қайбір қызметте болсын биік жауапкершілікпен жұмыс атқаратынына сендірді. Сонымен қатар кешегі күнге дейін «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, мезгіл мінберінде түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуда көптің көмегіне сүйене отырып, ортақ шешімге келе білген елдік қадірқасиеттің бағасына тоқталды. Жаңылыс басқанды айыптаудан бұрын ата-баба жолымен өз ары алдында ақтап, келешек адам балатынның амалына жүгіндіру ұлтымызды сапалық болмысы жағынан биіктететін қадам, алдағы уақытта ел тізгігін ұстаған тұлғаларға осы бағытта бас біріктіріп, жаңа Қазақстанның жарқын келбетін қалыптастыруға ынтымақты жұмыс жасауға бауырлық тілегін қосты.

Баян Үсейінова
13 тамыз 2022 ж. 338 0