№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тұрақтылық тетігі - тәртіпте

Тұрақтылық тетігі - тәртіпте


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында Заң және Тәртіп мәселесін нығайтуда құқық қорғау органдарын реформалаудың маңызына айрықша тоқталды.

  Азаматтардың құқын қорғау, мемлекеттік меншік пен жеке кәсіпкерліктің мұдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауда қолданыстағы заң тетіктерінің әлсіз тұстарын әйгілеген қаңтар оқиғасы күштік құрылымдардың жекелеген функциясын қатаңдата түсуді қажет етіп отыр. Бұл жерде заң талаптары екі жаққа да бірдей жауапкершілік жүктейді. Сыртқы күштердің сотқа ықпал етуі әділеттің бұрмалануына, бұқараның сот төрелігіне деген сенімінің аяқасты болуына әкеліп соқтырары кәміл. Бұл ретте Мемлекет басшысы судьяларға әкімшілік қысым көрсететін амалтәсілдің бәрі жойылу керектігін ескертті.

 Мемлекет тұғырын тіктейтін, салауатты қоғамның негізін қалайтын азаматтарымыздың құқықтық және қаржылық сауаттылығы жүйелі түрде жаңарып отыруға тиіс. Бұл қоғам мүшелерінің интеллектуалдық әлеуетін бекемдейді. Бұл сатыдағы әлеумет бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талантаражға салатын жемқорлық әрекеттер мен жең ұшынан жалғасқан сыбайластық көріністеріне төзімсіз, өзінен кейінгі буынға да осындай тәрбиесін өнеге етуімен өмір сапасына өзіндік үлесін қоса алады.

 Президент Жолдауда мықты шегеленбеген заңның солқылдақ тұстарынан арылуды, тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін оны қайта-қайта өзгерте бермеу қажеттігін ескертті. Ендігі міндет – күштік құрылымдардың кадрлық әлеуетін нығайтып, заң шығару қызметінің сапасын арттыру қажет.

Дабыл Аянұлы, Жаңақорған ауданының прокуроры
12 қыркүйек 2022 ж. 278 0