Фракция отырысы өтті
Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция отырысы өтті. Фракция жетекшісі Бибасарова Лаура Әбілханқызы төрағалық еткен отырыста «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы бойынша іске асырудың Жол картасының орындалуы туралы аудан әкімі орынбасарының есебін тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Ахметов Бахтияр Мадиярұлы хабарлама жасады. Жол картасында барлығы 71 шара қойылып, оның 22-і қазіргі таңда орындалғанын, қалған 49 шара орындалу барысында екендігін тілге тиек еткен аудан әкімінің орынбасары 2024 жылға орындалмай қалу қаупі бар шара жоқ екендігін атап өтті. Жол картасында шаралар бойынша фракция мүшелері сауалдарын қойып, Электр желілерін жаңарту бойынша 6 ауылда жүргізіліп отырған жұмыстар мен білім саласына қатысты, "Дипломмен ауылға" бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды. Одан өзге аудан көлемінде атқарылуы тиіс жұмыстарды да тілге тиек етті.