№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының фракция отырысында

«АMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының фракция отырысында

Бүгін Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция отырысы өтті. Фракция жетекшісінің орынбасары Бибасарова Лаура Әбілханқызы төрағалық еткен отырысқа аудан әкімі Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы мен аудандық партия филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы қатысты.

Фракция отырысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы бойынша іске асырудың Жол картасының орындалуы туралы аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының есебі тыңдалды. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасында ағымдағы жылдың қорытындысымен бірқатар индикаторлары туралы сөз қозғалды.
Атап айтқанда: өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы бойынша аудан бойынша 10 айда аудан көлемінде 107,1 млрд теңгенің (117,1%) өнеркәсіп өнімдері өндірілсе, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 69,7 млрд теңгені (130,4%) құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 47,2 млрд теңгеге жетті (118,8%).

Ал ауылшаруашылығының дамуы бойынша Ауданда ауылшаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі 30,6 млрд теңге немесе 102,9%-ды құрады. Ауданымызда 77 мың бас мүйізді ірі қара (97,5%), 341 мың бас қой мен ешкі (100,4%), 25 мың бас жылқы (99,1%), 2 276 бас түйе (99,1%) және 21 252 үй құстары (99,8%) өсірілуде.

Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы ауданы 52 496 шаршы метрге жеткізіліп, 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайызға өсті.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында «Байқоңыр» ӘКК АҚ қаржы ұйымы арқылы 230,1 млн. теңге болатын 29 жобаға несие алды. Бұдан басқа 57 жобаның құжаттары комиссия отырысына несие алуға ұсынылды. Одан басқа 30 жобаның құжаттары дайындалуда.

Бұдан өзге Аудан көлеміндегі электр бағаналары мен желілерін жаңарту бағытында жасалынып жатқан жұмыстар мен елді мекендерді газдандыру, жолдарды жөндеу бағыттарына және ауыз сумен қамтамасыз ету, мемлекеттік кезек бойынша жер телімдерін беру бойынша жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Мұнымен қоса аудан әкімі аудан бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасын таба беретіндігін тілге тиек етті.
Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттары көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиісінше жауаптар алынды.

#AMANAT
24 қараша 2023 ж. 331 0