Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жол картаның орындалуы фракция отырысында талқыланды

Жол картаның орындалуы фракция отырысында талқыланды



Жыл басынан бері «AMANAT» партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картаның орындалуы бүгін аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысында талқыланды.

Отырысқа партияның аудандық филиалының төрағасы А.Мажитов, сонымен қатар жауапты бөлім басшылары қатысты.
Фракция отырысында күн тәртібіне 2 мәселе қойылды: 1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы 1.2 тармағы Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының есебін тыңдау;
2. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы 2 тармағы Инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту бойынша тиісті сала мамандарының есебін тыңдау.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Б.Жексенбаевтың есебі мен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Сүлейменовтың есебі тыңдалды.
Жалпы Жол картада қамтылған ағымдағы жылдың соңына дейін толығымен аяқталатын барлық іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Фракция отырысында Жол картаның 2024 жылға қаржыландыру жағдайы пысықталып, индикатордың орындалуына жауапты фракция мүшелері мен басқарма басшыларына тиісті ұсыныстар берілді.
27 қазан 2023 ж. 483 0