» » Фракция отырысы өтті

Фракция отырысы өтті

Аудандық партия филиалында аудандық мәслихаттағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Жиын барысында Жаңақорған ауданындағы сумен, электрмен, газбен және жылумен жабдықтау объектілердегі жағдай туралы аудан әкімінің орынбасары Сыздықов Семсер Зұлпызарұлының есебі тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша фракция мүшелері электрмен жабдықтау бойынша бірқатар сауалдарын қойып, Қожакент және Келінтөбе ауылдарын жарықтандыру жұмысының толықтай аяқталуына аса мән беру керектігін, мердігер компанияға жиында айтылған ұсыныстарды жазбаша беру керектігін жеткізді. Сонымен қатар газдандыру мәселесі бойынша көкейде жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.
Өз кезегінде жиынға арнайы қатысқан Партияның аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы мен фракция жетекшісі Лаура Әбілханқызы ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, депутаттық фракция мүшелерінің ұсыныстары қаулыға енгізіліп, тиісті жұмыстар жасалатындығын, қосымша депутаттық сауалдар жолдауға болатындықтан жеткізді.
13 мамыр 2024 ж. 73 0