Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АУДАНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

АУДАНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов аудан халқымен бірге жаңа жылдық шырша шамын жағу рәсіміне қатысты.

Шарада сөз алған аудан басшысы аудан жұртын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Құрметті жерлестер, Сіздерді келе жатқан жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін баршамыз орталық алаңның сәнін кіргізіп тұрған шыршаның отын жағу рәсіміне жиналып тұрмыз. Жаңа жыл бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін, қуанышқа толы ең жайдары, келер күнге мол сенім артатын ерекше мереке.
Жаңа жыл кең байтақ елімізге молшылығы мен ырыс-дәулетін, қасиетті жерімізге құт-берекесін әкелсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!, – деді аудан басшысы.
Аудан басшысының құттықтау сөзінен соң шырша шамдары жағылды.
Шараны тамашалауға аудан тұрғындары мен қонақтары орталық алаңға көптеп жиналды.
Кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
21 желтоқсан 2024 ж. 407 0