№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гендерлік саясат және гендерлік теңдік

Гендерлік саясат және гендерлік теңдік


Гендер («Gender») сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді. Гендер-бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қатынастарды айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы болып табылады. Гендерлік саясат дегеніміз қоғамдағы өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.


Гендерлік саясаттың мақсаты-бөле жармай ер мен әйелдің екеуіне де қоғамнан өз орнын табуына теңдей мүмкіндік беру. Қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі ретінде гендерлік саясат қоғам сахнасынан түскен жоқ.
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған қарым-қатынасты сақтап келеді.
Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарында тең дәрежеде қатысуына қол жеткізу, сондай-ақ экономикалық тәуелсіздіктің барлық мүмкіндіктерін теңдей қамтамасыз ету, өзінің бизнес жайын дамыту және қызмет саласында алға басу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау сынды ережелерді жатқызуға болады. Соңғы жылдарда елімізде гендерлік саясатқа баса көңіл бөлуде.
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. Әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол салада жауапкершілігін де арттырып, жұртшылықтың құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Осы міндеттерді ер мен әйелдің теңдей атқаруына біздің елде мүмкіндік мол. Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады.
Гендерлік саясат-әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы дегенді білдіреді. Ол екі жаққа да өздерінің құқығын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін береді.

Э.Рысқұлов,
Жаңақорған аудандық
сотының судьясы

21 желтоқсан 2024 ж. 342 0