Фракция отырысы өтті
Жаңақорған аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция отырысы өтті. Фракция жетекшісінің орынбасары Бибасарова Лаура Әбілханқызы төрағалық еткен отырыста «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы бойынша іске асырудың Жол картасының орындалуы туралы аудан әкімі орынбасарының есебін тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы хабарлама жасады. Жол картасында барлығы 71 шара қойылып, оның 31-і қазіргі таңда орындалғанын, қалған 40 шара орындалу барысында екендігін тілге тиек еткен аудан әкімінің орынбасары 2023 жылға 1 шараның орындалмай қалу қаупі бар екендігін атап өтті. Аталған мәселе бойынша фракция мүшелері сауалдарын қойып, орындалмай қалу қаупі бар шараның себептерін нақтылауға тырысты. Одан өзге аудан көлемінде атқарылуы тиіс жұмыстарды да тілге тиек етті.