«АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша фракция мүшелері Жол картасының орындалмау қаупі бар тармақтары бойынша тиісті деңгейде жұмыс жасау керектігін жеткізді. Сонымен қатар электр желілерінің тозу деңгейін төмендету бойынша жасалынып жатқан жұмыстар мен газдандыру мәселелеріне қатысты көкейде жүрген сауалдарын қойды..
Жиын соңында фракция жетекшісі Лаура Әбілханқызы ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, депутаттық фракция мүшелерінің ұсыныстары қаулыға енгізіліп, тиісті жұмыстар жасалатындығын, қосымша депутаттық сауалдар жолдауға болатындықтарын жеткізді.