ЖЕҢІЛ ТАБЫС ЖЕРГЕ ҚАРАТАДЫ
Қазір смартфонды аша қалсаңыз, желіде ұтыс ойнатып, жұрттан ақша жинап жатқандарды жиі көретін болдық. «Блогерге мың теңге аударып, парақшасына жазылып кетсеңіз болғаны, қаржылай сыйлық немесе шетелдік қымбат көлік ұтасыз» деген жарнама өріп жүр. Бұл – бірінші нұсқа, одан бөлек оңай олжалы болудың түрлі тәсілдері бар. Жемқорлық, жұмысшы жалдап, ақшасын жымқыру, наша бизнесі сынды жеңіл табыс көздері тым көбейді. Телефонның мүмкіндігі бәрінен озып тұр, алаяқтар да осының ішінде, жалған дәріскерлер мен блогерсымақтар да осында. Тіпті бүгініңіз бен болашағыңызды болжап беретін балгерлер де өріп жүр. Тек «Kaspi Gold-ына» сұраған сумманы аударып жіберсеңіз «нумерологтар» келешекті күткендей етіп баяндап береді. Бұл қылмыстан бұрын ауыр күнә екенін ешкім де елеп жатқан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге баса мән беріп, мәлімдеме жасады. «Бүгінде әлеуметтік желілерде әдемі өмір сүру мен оңай олжа табу туралы жарнамалар көбейіп кетті. Бұл халықтың санасына барлық жетістікке қиналмай қол жеткізуге болады деген бос қиялды сіңіреді. Жастардың белгілі бір бөлігі соған сеніп, алтын уақыттарын босқа сарп етуде. Кез келген жетістікке тынымсыз еңбек қана жеткізетіні даусыз. Бұрынғылар «Еңбек бәрін жеңбек» деп бекер айтпаған», – деді Президент. Президент еліміздегі әр азаматтың адал әрі жауапты еңбек арқылы табысқа жеткенін қалайтындығын, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасының мәні де осында жатқанын қайта-қайта еске салумен келеді. Десе де жанын қинағысы келмейтіндер жеңіл табыс тауып, тұрмыс тауқыметінен құтылуды бірінші орынға қояды. Алдымен сөзімізді алты ғасыр бұрын пайда болған ойыннан бастайық. Карта ойыны ғасырлар өтсе де адамдарды баурап алудан жаңылмай келеді. Қайта күннен-күнге құмарпаздар саны көбейіп келеді. Қазір ойынханалардағы покер ойыны да тұғырынан түспей тұр. Казинолардағы жүйе күрделі. Таңның атып, кештің батқанын білдірмес үшін онда терезе болмайды. Ақшаның ең көп жұмсалатын жері де – осында. Сондықтан болар әлемнің көптеген елінде казиноға тыйым салынған. Бізде де түбегейлі тыйым салынбаса да, белгілі бір талап-тәртіп енгізіліп жатыр. Казиносы жоқ қала, аудан, тіпті ауылдарда ақшаға карта ойынайтындар өте көп. Оны көзіміз көріп жүр. Келесі кезекте, құмар ойынның жеңілірек түрі бар. Ол спорт ойындарынан табыс табу. Футбол, хоккей, теннис сынды түрлерімен қоса, саяси болжамдарға да ақша тігіледі. «Olimpbet», «1Xbet», қазір жастардың басым бөлігі осы екі сайтты жақсы меңгерген. Футболға тігілетін бәсеке өте жоғары. Әр команданың ойынына миллиондап қаржы тігіп, жер сипап қалып жатқандар қаншама. Бұл да казино секілді, алдымен ұта бастайсың, соңынан тақырға отырасың.
– Футбол ойынына ақша тігуді осыдан 10 жыл бұрын бастаған едім. Кейде ұтасың, кейде ұтыласың. Бастапқыда 100-200 теңге тігуден басталған ойынның соңы 10 000-ға жетті, кейіннен әр ойынға қоятын тиынды одан да ұлғайттық. Нәтижесінде қарызға белшеден батып, несие алып, болмаған соң өзімді әрең тоқтаттым. Ақырында бар мақсатым жұмсаған ақшаны қайтару емес, еш болмаса қарыздарымды жабуды көздедім. Оның да реті келмеді, керек десеңіз қорадағы төрт түлікке көзім түсті. Шыны керек, жеңіл ақша тауып байып кетемін деген бос сандырақ екен. Әсіресе, әлеуметтік желілерде алдағы ойындарға болжам айтамын деген алаяқтарға алданып қалатындар өте көп, – деп жерлесім Азамат (есімі өзгертілді) есімді құрдасым сырын ақтарды. Жеңіл ақшаның ең ауыр түрі осы құмар ойынның, салдарынан қаншама жас қарызға батып, тіпті өмірін қиған жағдайларды естіп жүрміз. Мұндай жағдай біздің өңірде де кездесіп жатады. Құмар ойынның тотализатор деген екінші түрі барын білеміз. Мұндағы жүйе жануарлар қатысатын түрлі бәйгеге бәс тігу арқылы жүзеге асады. Кімнің бәйгесі оза шапса, оңай ұтыс та – соныкі. Бұған қоса желі арқылы жеңіл жолмен табыс тауып, тез байып, шекесі шылқып шыға келгісі келетіндер лотерея, конкурс ұйымдастыруды да әдетке айналдырды. Қалтасы қағылып қалған қатысушылардың айтысына қарағанда, бұл да – жеңе алмайтын джекпот. Instagram парақшасындағы жазушылардың санын көбейту мақсатында ұйымдастырылатын көрінеді. Аз ақшаға қомақты жүлде алудан үмітті қарапайым жұрт ұтыс ұйымдастырушыларының бар талабын орындауға әзір. – Instagram-дағы байқауға қатысып, танымал блогерден ақша ұтып алғаным рас. Оны «Kaspi Gold» арқылы салып жіберді. Бұл жерде ешқандай ақша салмай, тек бірқатар шартты орындадым. Ал лотереялық ұтыс ойындарына қатысып көрген жоқпын. Лотереяға қатысқан адамның барлығы ұтыстан үміттенеді, бірақ бір адам ғана ұтысты болады. Осылайша, оңай олжаға кенелгісі келетіндер көбейеді. Лотереядан түскен пайданың біраз бөлігін ұйымдастырушы адам көреді. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Дәл осыған ұқсас жағдай күнделікті өмірімізде де орын алуда. Ол көлік ойнату арқылы табыс табу, 2 мың адамның арасынан бір ғана жеңімпаз шығады, тағы 40 шақты адам майда-шүйде ұтысты болып қалады. Бар болғаны осы, пайдасы иесінің қалтасында. Бұл да қылмыс деуге болады, – дейді Бақдаулет есімді құрдасымыз. «TikTok» әлеуметтік желісі оңай табыстың жаңа түрі болып табылады. Яғни, TikTok желісіндегі тікелей эфирде өзгелермен battle-ға шығып, көрермендердің жіберген сыйлығы арқылы табыс табады. Сәйкесінше, олар өзінің тікелей эфиріне көрермендерді жинау үшін, соңына дейін отырғызу үшін небір әрекеттерге барады. Бір-біріне анайы тапсырмалар орындатып, бірін-бірі балағаттап жатады. Соның кесірінен түйткілді мәселе тауып алып жатқандары да жоқ емес. Бұл жерде тікелей эфирде біреуді балағаттағаны үшін сотталып кеткен жағдайлар бар екенін меңзеп тұрмын. Ал қаржылық пирамида, үйде отырып табыс табудың сценарийі баршамызға таныс болар. Бұлармен айналысамын деп те сотталып кеткендер аз емес. Сондай-ақ қайырымдылыққа жиналған ақша тексеріле ме деген сауал да бар. Бұл жөнінде Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов: – Егер қаражат бір баланың еміне арналатын болса, 100 аударымнан асса, келесі жылы мәлімет келеді. Сол кезде біз азаматқа арнайы хабарлама жібереміз. Азамат немесе блогер өзіне аударылған аударымдардың мақсатын түсіндіріп беруге тиіс. Жіберілген ақшаның реквизитін кәсіпкерлік мақсатта емес екенін дәлелдесе, тұлғаға сұрақ туындамайды. Кім ақша жинайды, сол адам өзінің не үшін жинап жатқанын нақты білуге тиіс. Егер кәсіпкерлік немесе жарнама болса, оның міндеттемелері пайда болады, ал қайырымдылық жағдайы, туыстарына аударым жасаса, ешқандай сұрақ болмайды, – деп түсіндірді. Ал «Қазақстан лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңына сәйкес кез келген адам өз бетінше лотерея ойната алмайды. Бұл үшін ұйымдастырушылар арнайы рұқсат алып, түскен пайданың белгілі бір пайызын салық ретінде төлеуге міндетті. Заңгерлердің айтуынша, лотереялық ұтыс ойындарын тек мемлекеттік лото ұйымдары ұйымдастырады. Интернет алаяқтықпен айналысатын адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олардың кінәсі дәлелденсе, 4000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаса, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Өткен жылы 28 алаяқтық орын алған. Оның 4-і ашылмаған, 13 істің күдіктілері анықталған, 4 іс өндірісте. Бірақ мұндай интернет алаяқтықтың ашылуы қиынға соғып отыр. Өйткені оның әдіс-тәсілдері күнбе-күн жаңаруда, хаккерлік механизм де сан құбылып отыруымен сан соқтырып кететіні жасырын емес. Сонымен қатар, ең бастысы, ешкімге банк шотыңыздың толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз, осыны ұмытпаңыздар. Бұл жауапты сала мамандарының кеңесі. Одан бөлек, кейбір алаяқтар әлеуметтік желілердің бірінен жас қыздардың атынан парақша ашып, онда көркі көз қызықтыратын сұлулардың суретін салады. Сол аккаунттан жігіттерге достық ұсыныс жіберіп, әңгімеге тартады. Кісінің көңілін аударатын, қызықты посттар жазып, қалталы әрі жеңіл жүріске бір бүйрегі бұрып тұрады-ау деген азаматтардың жазбаларына үнемі пікір қалдырып жүреді. Жеке чатта әңгімелесуге қол жеткізгеннен соң арулар әлдебір себептермен «достарынан» ақша сұрай бастайды. Көп тараған себептердің бірі мынау: ғаламтордағы қылықты ару өзі сөйлесіп жүрген досы тұратын қалаға бір шаруалармен бармақ жоспары барын, бірақ жол жүруге біршама қаражат жетпей тұрғанын айтады. Мұндай жағдайдың құрбандары өз арамызда да кездесті. Келесі кезекте сыбайластық арқылы оңай олжа иемдену. Парақорлықтың ауылдық жерде де белең алғаны соншалық, қарапайым жұмысшы болу үшін ақша ұсынасың. Айтпағым, мемлекеттік мекемелерге сантехник, тазалаушы, еден жуушы сынды жұмыстарға орналасу үшін де әжеуптеуір қаржатың болуы керек. Ал, мектепке орналасу одан да қомақтырақты қажет етеді. Жеке мектептерді айтпаймыз, мемлекеттік мектепке орналасу үлкен мәселе. Тәжірибең жоқ болса тіпті қиын. Бұл шындық, бұл ақиқат. Басқа салаларды тілге тиек етпейміз, бәрі белгілі. Жемқорлықтың тағы бір түрі бар, ол қызметке орналастыру мен жеңілдетілген несие және грант алып беру үшін өзгеден пара алып, соңында орындай алмағандар бой тасалауға көшеді. Іс сотқа өтеді, ақшасын сот арқылы өндіремін деп жүргендердің ісі созылып бітпейді. Жеңіл табыстың тағы бір санаты есірткі саудасы. Бұл санат бойыншы ауданымыз облыста көштен қалмай келеді. Өйткені, біздің ауданның тауы мен тоғайы есірткі егуге қолайлы болып тұр. Тіпті құмдағы қараусыз қалған скважиналар да есірткі егуге тамаша мүмкіндік туғызып отыр. Су айдайтын мотор мен бірнеше шақырымға жететін шлангалар орналастырып берсе, ары қарай істі жалдамалылар жалғастырады. Негізінен құқық қорғаушыларда арнайы тікұшақ барын бәрі біледі, сол арқылы және дрон жіберіп те бақылап тауып алатынын ешкім ескере бермейді. Биыл да наша өсірумен айналысқан бірнеше азамат істі болып, жаза арқалады. Былтырдың өзінде 6 іс тіркеліп, темір торға тоғытылғандар болды. Оңай олжаға кенеліп, аяғын алшаң басқандардың көбі жазаларын өтеп жатыр. Біз бүгін жеңіл жолмен мол қаражат алатындар жөнінде ой қозғадық. Бұл күнделікті көз алдымызда болып жатқан жағдайлар. «Бұл неғылған батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық?» дегеннің кебі осылар. Май құйрықты қарпимын деп қандыауыз атану әрине ақымақтық. Қорыта айтқанда, жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүріп, тегін пайда олжалап кеткісі келетіндерді құрықтамай болмайтыны түсінікті. Жоғарыдағы ұсталған үшеудің оқиғасы басқаларға да сабақ болуға тиіс. Қазір онсыз да құмар ойынның құрдымына жұтылған, букмекерлік кеңселерге тұтылған қаракөздердің қайғысы қалыңдап тұр. Қайғыға қайғы жамамасақ жарар. Қалғанын уақыт еншісіне қалдырайық.
Әлібек Жарықбаев