№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаржылық пирамида қылмыс

Қаржылық пирамида қылмыс


Жеңіл жолмен ақша табуға қызыққан жандар қаржы пирамидасының қақпанына оңай түседі. Себебі, тез баюға деген құмарлық қаржы пирамидасына ақша салуға деген ынтасын арттырып, орға жығады.

Бұл қылмыстық ұйымдар ақыр соңында ешкімге ақшасын қайтармайтынын көзі ашық, көкірегі ояу жандар жақсы біледі. Қаржы пирамидалары адамдарды арбаудың небір айла-шарғыларын меңгерген.
Қазіргі таңда олар әлеуметтік желіге көшті. Жарнамалық сайттарында түрлі бейнероликтер мен фотосуреттер жариялап, "Мол табыс табасыз"-деп өздеріне имандай сендіріп, тұзақтарына тартып отырады.
Қазақстанда қаржылық пирамидалар қызметіне қатаң тиым салынған. Бұл ұйымдарды жарнамалауға да тосқауыл қойылған.
Осыған қарамастан "Оңай олжаға кенелтемін"-деп алдап шақырып, халықты шығын батпағына батырып, олар естерін жинап, құқық қорғау ұйымдарына жүгінгенше жабылып тынады.
Бәрінен де сорақысы, "Қара ниетті пирамидалар" қарапайым жұрттың жалғыз баспанасын я көлігін саттырып, уәде еткен қаржының көлеңкесінде көрсетпей қашады.
"Оңай олжа орға жығады" демекші халықты "Табысқа кенелтемін" деген алаяқтардың құрғақ уәделеріне сенбеуге шақырамыз.
25 маусым 2023 ж. 421 0