№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алаяқтық азаймай тұр

Алаяқтық азаймай тұр


Алдымен бөлім берген статистикаға жүгінсек, биыл алаяқтық қылмысы 17-ден 20-ға өскен. 20 қылмыстың 12-сі интернеттегі алаяқтық екен. Оның жетеуі ашылып, қалғандары бойынша жұмыс жасалуда.
– Алаяқтықтың өзгеше бір сипаты ақпараттық технологиялардың дамуына баяланысты өсіп келеді. Әлеуметтік желіні қолданушыларға бұл таптырмас құралға айналды. Компьютер немесе смартфонмен құрбандарының сеніміне кіріп алатын алаяқтардың көбі оңай, әрі жылдам ақша табудың жолын үйретемін деп алдап кетеді. Сондай-ақ, түрлі тауарларды сату мен көмек сұрайтын мұқтаж жандардың саны артты. Бұл жағдайда алаяқтар алдын ала «Qiwi» әмиянға түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді. Кейіннен шот иелерін тексерген кезде олардың өзге адамның атынан тіркелгендігі белгілі болады.
– Бір мысал келтірсеңіз?
– Бірнеше уақыт бұрын жас жігіт келіп, арызданды, өзі ауданның тұрғыны. Бақсақ, оның Шымкентте тұратын досы телефонынан ол туралы бардлық құжаттарды түсіріп, біліп алып ойын жүзеге асырған. Мұндай жағдай өте көп, тіпті аудан аумағында қолма-қол ақша алып, бермей кеткендер де жетерлік. Қомақты несие алып беремін, сатылатын затты бағасынан төмендетіп түсіріп беремін деген түрлі жарнамалар қаптап кетті.
– Мұндай тектес алаяқтыққа заң, құқық қорғау органы тарапынан қандай жұмыс жасалуда?
– Ең бірінші алаяқтарға алданып қалғандардың арызы бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Шынын айту керек, интернет алаяқтарды құрықтау өте қиын. Өйткені әлеуметтік желідегі қылмыскерлердің көбі өзге аймақ, тіпті шет елдегі азаматтар. Олардың түп-тамырын білу, аккаунттарын анықтау оңай шаруа емес. Қазір жоғалған немесе мерзімі өткен төлқұжатпен алаяқтар біреудің атынан жымысқы әрекеттерін жүзеге асыра алады. Сондықтан алдын-алу бағытында УПИ-мен «Алаяқтан сақтанайық» атты іс-шара ұйымдастырылып, тұрғындарға жазбаша хабарландырулар таратылды. Көрнекі жерлерге плакаттар ілінді. Әлі де атқарар жұмыс аз емес.
– Осы тұрғыда тұрғындарға қандай ақыл-кеңес бересіз?
– Ең алдымен расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз, өйткені делдалдар өте көп. Кез келген жағдайда банк карталарыңыздың және шоттарыңыздың мәліметін ешкімге бермеңіз, тіпті көрсетпеңіз. Әсіресе, интернетпен байланысқан адамыңызға. Әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартқаныңыз абзал. Мүмкіндік болса құқық қорғау органдарына хабарлама берсеңіз де болады. Интернет порталдар арқылы мүлікті сатып алу немесе сату кезінде алдын ала келісім жасауға болмайды. Өз бағасына арзан тауарларды алуға тырыспаңыз, қазір көп жағдай осындайдан орын алуда. Сол секілді төлем жүйелерімен бейтаныстарға ақша аударуға мүлдем болмайды.
Иә, полиция қызметкерлері алаяқтармен күресін тоқтатпайды, алданған жандардың жоғын табуға күш салатыны анық. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Кімнің болсын тұрмысын түзегісі келеді. Айлығы шайлығына әрең жететін күнкөрістің төмендігін осылай пайдаланып кететіндер көп. «Faccebook» желісінен де бір азаматтың біреулердің өзін оңай олжаға кенелтемін деп сан соқтырып кеткен жазбасына кезіккен едік. Бір Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 150 іс тіркеліпті. Алаяқтық дертінің карантин кезінде ауқымы кеңейді, қапыда жапа шегу жұмыссыз жргендерге одан сайын жұдырық болып тиді. Биыл тіптен өршіп барады, сондықтан барынша сақ болғанды ескерткіміз келеді.
Полицейлер құжаттар мен олардың көшірмелерін ешкімге бермеуге кеңес береді. Енді барынша сақ болғаныңыз жөн, ағайын. Ғаламторды айла-тәсіліне айналдырған алаятарға алданып қалмаңыз.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
25 наурыз 2021 ж. 675 0