№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Көкжөтел


Көкжөтел – Bordetella pertussis таяқшасынан туын­даған, көбіне ауыз қуысын­да, көмей мен мұрында өмір сүре­тін жедел респираторлық бак­те­рия­лық жұқпа.

Бұл ауру түрі ка­­та­ральды белгілермен бірге жү­ретін спазмодикалық жөтел ұс­тамалары түрінде көрінеді.
Көк­жөтелдің қоздырғышы негі­зі­нен науқас жөтелгенде, түш­кір­генде, онымен қоса ауа там­шы­ла­­ры арқылы таралады. Ма­­­ман­дардың сөзінше, көк­жө­телді ересектерден гөрі балалар көп жұқтырады.
Жо­ғарыда балаларға қатысты атап көрсетілген статистика – соның бір дәлелі. Ересектер көкжөтелдің жеңіл түрімен ауырғандықтан, олар негізінен инфекцияның ошағы әрі аурудың тасымал­дау­шы­сы болып келеді.
Дәрігерлер көк­жөтелдің зардабы қауіпті ас­қынуларға алып келетінін ай­та­ды. Ауру катаральды, спазмоди­ка­лық жөтел және резолюция ке­зеңдері арқылы өтеді.
Ин­ку­ба­ция­­лық кезеңі 14 күнді құрайтын ауру түрінің катаральды кезеңі жедел фарингит белгілеріне ұқ­сас. Спазмолитикалық жөтел ке­­­­зеңі үш аптадан бір айға дейін со­зылуы мүмкін.
Кейіннен бұл қай­та қалпына келтіру фазасына өте­ді. Мұнда науқас жөтелген кез­де шырышты қақырық бөлі­ніп, жөтелу азаяды.
Көкжөтел – ұстаманың соңын­да «реприздермен» және құ­су­мен, қою тұтқыр қақырықты бөлу­мен, сондай-ақ жөтелдің ерек­ше шабуылдарымен сипат­та­­ла­тын тыныс алу жолдарының жұқ­­палы ауруы саналады. Көк­жө­­телден қорғаудың жалғыз тиім­­ді әдісі – вакцинация.
Ұлт­тық күнтізбеге сәйкес, көкжөтел­ге қарсы егу 2, 3, 4 және 18 айлық ба­лаларға (көкжөтелге, диф­те­рияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, ге­мофильді инфекцияға және по­лиомиелитке қарсы бір мез­гіл­де) біріктірілген вакцинамен жүр­гізіледі. Бұдан әрі 6 жастағы ба­­лалар АбКДС күшейткіш до­за­сы­мен егіледі,
Аурудың белгілері пайда бол­ған уақытта оқырмандарға уа­қытылы медициналық көмекке жү­гіну, өзін-өзі емдемей, тек дә­рі­гердің нұсқауы бойынша ем қа­былдау, бөлмені жиі желдетіп, дым­қыл тазалық жұмысын жүр­гізу, қолды жиі жуу, жөтелген кез­де ауызды майлық қолданып жабу, сондай-ақ ата-аналарға нау­қас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға және т.б. көпшілік жиналатын орындарға жібермеуді ұсынамыз.

Ж.Шайхысламов,
Аудандық СЭББ-ң бөлім басшысы
12 қараша 2024 ж. 143 0