№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтелдің алдын алу


Көкжөтел – ауыз қуысында, мұрында және көмейде өмір сүретін Bordetella pertussis бактериясы тудыратын тыныс алу жолдарының өте жұқпалы ауруы.

Көкжөтел көбіне балалар арасында жиі кездеседі, ересек адамдар бұл ауруды сирек жұқтырады. Қысқа таяқша тәрізді бактерия баланың тыныс алу органында өсіп-өніп, оның тұтынған заты арқылы сау балаға жұғады. Дәрігерлердің айтуынша, көкжөтел қатты асқынған жағдайда пневмонияға ұласуы мүмкін. Балаға ауа жетпей, дұрыс дем ала алмай қалады (апноэ).
Көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмектер жоқ.
Аурудың инкубация кезеңі 7-10 күнге дейін созылады. Оның алғашқы белгісі — жөтел. Бала қатты жөтеліп, мұрынмен дем ала алмайды, ұйқысы бұзылады. Дене қызуы 38,5-39 градусқа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті болмайды. Баланың тілі аузына сыймай қалады, кейде кіші дәретін де ұстай алмайды. Дұрыс дем алмағандықтан ерні мен тырнақтары көгеріп кетуі мүмкін.Көкжөтел тынысалу жолының шырышты қабатын тітіркендіріп, токсин бөледі. Салдарынан бронх бұлшықеті тарылып, ұстамалы жөтел дамиды.
Көкжөтел бір жасқа дейінгі бала үшін қауіпті. Сол себепті көкжөтелге қарсы екпені мүмкіндігінше ерте жасатқан дұрыс. Балаларды және барлық ересектерді көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – ерте балалық шақтан басталып, 60 жасқа дейін жалғасатын вакцинация. Алғашқы вакцинация 2, 3, 4 және 18 айларда басталады. Әрі қарай, егу 6, 16 жаста және әр 10 жылда ересектерде жүргізіледі. Бұл ретте дифтерияға, көкжөтелге және сіреспеге қарсы иммунитетті дамытуға мүмкіндік беретін аралас вакцина қолданылады.
Көп жылдық тәжірибе егу жиілігі мен егу аралықтарын сақтау қажеттілігін растайды. Егер осы шарттар сақталса, ағзаның көкжөтел ауруына жеткілікті берік иммунитеті пайда болады.
Құрметті ата-аналар, балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Балаңызға екпені уақытылы салдырыңыз.

Ж.Нұрсұлтанова,
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары
15 қазан 2024 ж. 181 0