№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көкжөтел ауруынан сақтану жолдары

Көкжөтел ауруынан сақтану жолдары


Көкжөтел (коклюш)- адамнанадамғажұғатын, ауа арқылы таралатын, тыныс мүшелерінің зақымдануымен, ұстамалы, булықпалы жөтелмен сипатталатын жұқпалы ауру.
Көкжөтел әлемде кеңтаралған аурулар қатарына жатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде жыл сайын 60 млн тарта адам ауырып, олардың 1 миллионға жуығы қайтыс болады.
Қазіргі таңда республика көлемінде көкжөтел ауруынан эпидемиологиялық ахуал қолайсыз боп бағалануда. Соңғы мәліметке сүйенсек, республикамызда 2023 жылы көкжөтел ауруының 421 жағдайы тіркелсе, 2024 жылдың қаңтар айы мен наурыз айының 15-ші жұлдызы аралығында 392 адам осы инфекциямен ауырған. Қызылорда облысы бойынша тұрғындар арасында 2023 жылы көкжөтел ауруы тіркелмесе, 2024 жылдың осы мерзімінде 5 жағдай есепке алынған.
Көкжөтел ауруының қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактериялар болып табылады. Ауру қоздырғышы науқас адам жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы ауаға тарап, сау адамға жұғады. Көкжөтелмен ауыратын науқастар катаральды кезеңде және ұстамалы жөтелдің алғашқы 2 аптасында айналасындағы адамдарға қауіп төндіреді. Науқас адам жөтелген кезде қақырық арқылы бөлінген ауру қоздырғышы 3 метрге дейінгі қашықтыққа дейін ұшып, аурудың таралуына себепші болады.Егер көкжөтелге тұрақты өмірлік иммунитеті қалыптаспаған болса, бұл сырқатпен кез келген адам ауруы мүмкін.
Ауру қоздырғышы науқас адамның тыныс алу ағзаларында өсіп-өнеді. Қоздырғыш қоршаған ортаға өте төзімсіз, физикалық, химиялық өңдеулер кезінде тез жойылады. Жұқпа көзі- науқас адамдар.
Ауру ағымы 4 кезеңнен тұрады:
1.Жасырын кезеңі (1,5-2 апта) . 2.Катаральды кезең (2-3 апта) 3. Ұстамалы-булықпалы жөтел кезеңі (3-4 апта). 4.Жазылу кезеңі. Көкжөтел ауруының айрықша клиникалық белгісіне тұрақты ,қатты жөтел жатады. Емгеқарамастан, жөтелүнемікүшейіп, келе-келеұстамалы,булықпалытүргеайналады. Ұстамакезіндеқысқажөтеларасындадемдіішкетартқанкездеысқырықсекілдідыбысшығады. Ұсытамаданкейінқоюшырышшығады, науқастыңқұсуы да мүмкін. Ұстамакезіндебаланыңбетіқызарып, артынан көгереді, мойнындағы тамырлар ісініп, көздері қанталайды. Аурудың орташА ұзақтығы 6 апта шамасында, бірақодан да ұзақ болуы мүмкін. Көкжөтел асқынған жағдайда өкпе қабынуына ұласуы мүмкін.
Сақтану шаралары:
1.Көк жөтелден сақтанудың тиімді бірден-бір жолы- осы жұқпаға қарсы екпе. Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес әрбірдені сау бала өзінің жасына сәйкес, яғни бала өмірінің 2,3,4 айларында көкжөтелге қарсы алғашқы егумен қамтылу керек, одан кейін 18 айында және мектепке алғаш барғанда 6 жасында көкжөтелге қарсы қайталап егу жүргізілуі тиіс.
2. Адам ағзасын шынықтыратын салауатты өмір салтын ұстану (таза ауада серуендеу, спортпен шұғылдану)
3. Жұқпалы ауруларға қарсы күресу, яғни иммунитетті көтеру мақсатында құнарлы тамақтану
Вакцинация – аурудан қорғаудың жалғыз жолы, балаларыңызды уақытында екпе алуды ұсынамын.
Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздейік!

Жаңақорғанаудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Ш.Айдарова
21 наурыз 2024 ж. 321 0