№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аққорған «Үздік ауыл» атанды

Аққорған «Үздік ауыл» атанды


2024 жылдың «Алтын күз» мерекесінде өңірде ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін Аққорған ауылдық округі «Үздік ауыл» атанды. Шаруашылықтың негізі 1967 жылы қаланған. 2007 жылы Түгіскен тұқым шаруашылығы болып құрылды. Мемлекеттік шаруашылық кезінде «Миллионер» шаруашылық болып дүрілдеген ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі қалай? Келешекке қандай жоспарлары бар? Осы туралы жан-жақты білмекке елді мекенді бетке алдық.


Аққорған ауылының әкімі Серік Туғанбаев біздің сауалымызға мына төмендегіше жауап берді:
– Биыл ауылдық округіміз ауыл шаруашылығы жөнінен алдыңғы орыннан танылдық. Нақтылап айтсақ, 2024 жылы 1413 га жерге күріш егіліп, 7708 тонна өнім алынды. Күздік бидай 369 гектарға егіліп, 739 тонна өнім алынды. Мұнан басқа да мал азығындық дақылдардан және жоңышқадан түсім жоғары болды. 31 гектар жерге көкөніс егіліп 372 тонна өнім алдық. Мал шаруашылығына келсек, мүйізді ірі қара 4837 бас, ұсақ мал 5436, жылқы 1647 басты құрап, барлығы 11920 басқа жетті.
Ауылда жалпы халық саны 4849. Әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына, жастардың жұмыспен қамтылу жағына көңіл қойып отырамыз.
Ауылда екі мектеп бар. Бірі Әнуар Әбутәліпов атындағы №209 орта мектебінде 731 оқушы білім алса, №256 орта мектебінде 367 оқушы білім алады.
Ауыл тұрғындарының игілігіне 2 мемлекеттік, 4 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Бөбектерді балабақшамен қамту 100 пайыз шешілген деуге негіз бар.
Биыл аудандық бюджеттен ауылішілік абат­тандыру жұмыстарына 4 437 000 мың теңге, ауыл­ішілік көшелерді құжаттандыруға 2 280 000 мың теңге қаржы бөлініп тиісті жұмыстар атқарылды.
– Ауыл халқының мәдени-тұрмыстық тір­шілік деңгейіне қандай баға беруге болады? Жастар бос уақытында немен айналысады?
– Жалпы елді мекен тұрғындарының дені жергілікті шаруашылыққа бейімделген, кәсіпкерлік саласы бойынша 120 шаруа қожалық, 135 кәсіпкер тұрақты тіркелген. Міндетті салық төлемдері бойынша заңсыздықтар болған жоқ.
Тұрғындарға жағдай жасауға барынша көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы 8 млн-дай теңгеге балалар алаңқайы салынды. №256 мектептің жолына тротуар салынып, оқушылардың қатынауына тиімді жағдай жасалды. Сондай-ақ Әнуар Әбутәліпов көшесін жарықтандыруға 1 175 999 теңге жұмсалды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында екі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Ауыл көшелеріне толығымен су құбырлары тартылып, ауызсу мәселесі толығымен шешілді.
Түгіскен дәрігерлік амбулаториясы 2016 жылы жаңадан салынып пайдалануға берілді.
Ауылымыздағы №8 Олимпиадалаық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі республикаға танымал спортшыларды дайындауда қажырлы еңбек етіп келеді. Онда 8 спорт үйірмесінде 362 оқушы бар.
– Ауылдың болашағы – жастардың жұ­мыспен қамтылуы кәсіпкерліктің өркендеуі­мен байланысты ғой. Бұл тұрғыда қандай ілгерілеушіліктер бар?
– Былтырғы жылы «Ауыл – ал аманаты» бағ­дарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау шара­ларына қатысқан азаматтар қатарында 5 үміткердің жобасы мақұлданды. Оның бірі жылыжай өсіру бойынша несиені иеленсе, екіншісі ауылшаруашылық техникасын сатып алудан, тағы бірі токарьлық цехын ашуға, тағы бір азамат омарта кәсібін дамыту үшін несиеге қол жеткізе алды. Барлығы 56 300 000 теңге көлемінде несие алып кәсіпкерлігін бастап отыр. Қайтарымсыз грантты екі адам алды.
– Ауылдың саяси-мәдени, қоғамдық өмірі көңілден шыға ма?
– Ауыл өмірі онда тұратын адамдардың көңіл ауанына, келешекке деген жарқын сеніміне, ең бастысы, алдындағы кәсібінің баяндылығына байланысты дер едім. Бұл тұрғыдан келгенде, сыр беткейдің өзегі саналатын өңір тарихын жаңартып, заманауи тұрғыда жетілдіріп отыру міндетіміз. Әрине, бұл ретте ғылымның жетістіктеріне сүйеніп, ел мен жерді жүдетпей, қала мен дала арасындағы айырмашылықты жоюға ден қойып, сәулетіміз бен дәулетімізді арттыруға тиіспіз. Елін-жерін сүйетін, атамекеннің әр тасын аялайтын адал перзенті қатарында бұл іске әрбіріміз мүдделіміз.
Осы бағытта елде сабақтастық дәстүр-салтымызды жаңғыртуда ауылдық ардагерлер кеңесі келелі жұмыс жүргізіп келеді. Ауыл әкімдігі жанындағы қоғамдастық кеңесі де ел ішіндегі телі-тентекті тезге салып отыру­да, ағайын арасындағы ынтымақтың сақталуына қал-қадірінше жұмыс жүргізіп келеді.
– Сұхбатыңызға рақмет.

Әңгімелескен
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ

05 қараша 2024 ж. 276 0